Автор: admin

Украинаның шығысында қарулы жанжал басталған 2014 жылдың сәуір айынан бері кемінде 50 мың адам қаза тапқан деп жазады Германияның Frankfurter Allgemeine Sanntagszeitung газеті бүгінгі санында. Басылым бұндай мәліметті герман барлау қызметіндегі дереккөзінен алғанын айтады. Мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Украина билігінің құрбан болғандар туралы мәліметтері азайтылып көрсетілгендіктен сенім ұялатпайды делінген. Украина президент Петр Порошенко сенбі күні Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Украинаның шығысында үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шайқастар салдарынан 1200 әскери және 5400 бейбіт тұрғын қаза тапқан деп мәлімдеген еді. БҰҰ өкілдері ақпанның 3-і күні Шығыс Украинадағы қарулы жанжал барысында 5400-ге жуық адам мерт болған деп хабарлаған.…

Read More

Мемлекет басшысы көңіл айта отырып, жазушының дүние салғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағанын, бүкіл Қазақстан мәдениетінің ауыр қазаға душар болғанын атап өтті. «Герольд Карловичтің Қазақстанға деген шексіз сүйіспеншілікпен өрілген өмірі шынайы патриотизмнің үлгісі болып саналады. Оның шығармашылық мұрасы біздің мәдениетіміздің баға жетпес игілігіне, ал өмір жолындағы рухани ар-намыс қағидаттары әр кезеңнің ұрпақтарына жігер беретін бағыт-бағдарға айналды», – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Жеделхатта сондай-ақ Г.Бельгердің шығармашылығымен ғана емес, керемет адамгершілік қасиетімен, ізгілігімен және өмірлік ісіне деген ыждаһаттылығымен есте қалғанына назар аударылған. Ол елдің қоғамдық тіршілігіне белсене араласты, оның ісі мен ой-тұжырымдары әрдайым татулықты, мейірім мен рухани құндылықтарды орнықтыруға бағытталды. «Герольд Карловичтің…

Read More

Төртінші разъездегі кезіміз. «Веснада» тұратын Сапар деген жол мастері шілдехана жасап, бізді де шақырды. Алайда, разъезді иен тастап кетуге болмайды. Бізге жақын үшінші разъездегі Ольга деген қызға орнымызға келіп қарай тұруды айттық. Ол мақұл болды. Шілдеханаға біраз адам жиналған екен. Жалғыз үй болған соң зерігіп, ішің пысады ғой. Жиналған дос-жаран, таныс-білістермен жүздесіп, гүл жайнаған дастарқан басында мәз-мейрам болып қалдық. Ән айтылып, би биленіп, отырыс қызып жатқан. Бір кезде еңгезердей-еңгезердей бес орыс солдат кіріп келді. Қастарында шала қазақша, шала орысша сөйлейтін бір пропорщик бар екен. Қуаныш үстіне келген адамға ешкім «кет» демейтіні белгілі. Бәріміз қарсы алып, ортамызды толтырған қонақтарға қуанып жатырмыз.…

Read More