Автор: admin

Владимир Путин аутизмнің бір түріне немесе қатерлі ісік дертіне шалдыққан ба? Әлде «нарцисс мегаломаньяк» адам ба? Смоленскіге сапары кезінде Владимир Путин жергілікті дәрігерге қаралды. 25 тамыз 2011 жыл. Том БЭЛМФОРТ Кремль насихаты президент Владимир Путинді жойғыш ұшақты ұршықша үйіріп, жолбарысты қолға үйрете алатын батыр ретінде көрсетеді. Бірақ оның денсаулығына қатысты соңғы жылдары көп тараған қауесетке сенсек, ол – денсаулығы нашар, психологиялық кінәраты бар адам. Путиннің денсаулығына қатысты тараған кейбір болжамдар. Аспергер синдромы 2015 жылы ақпанның 4-і күні USA Today газеті Пентагонның 2008 жылы жүргізген зерттеуіне сүйенген сарапшылар «Путиннің бүкіл шешімдерінен Аспергер синдромының кейбір белгілері, яғни аутизмге шалдыққан адамға тән қылықтар…

Read More

 Украинаның шығысындағы жағдай ушығып әрі Еуропа одағы басшыларының Ресеймен келіссөзі нәтиже бермей жатқан тұста батыс сарапшылары Украинаға әскери көмек көрсетудің пайдасы мен зиянын бағалайды.  Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл. Ақпанның 6-сы күні Ұлыбританияның Guardian газеті «жұма күні Мәскеуде Ресей, Германия және Франция елдерінің Украинадағы шиеленісті реттеу жолдарын талқылауға арналған келіссөзі нәтижесіз аяқталды» деп жазды. Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде бірнеше сағат өткізген Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуден комментарий бермей аттанып кетті. Guardian басылымы «Германия үкіметі өкілінің айтуынша, қыркүйекте Минскіде…

Read More

АҚШ-тың Ұлттық географиялық қоғамы 200-ге тарта мемлекетті нысанаға алып, әр елдің тұрғындарының суреттерін сарапқа салып, қазақстандықтарды ғаламшардың ең әдемi халқы деп таныған.  Зерттеу тобының төрағасы Даллес Скули: «Бұл – сирек кездесетін тәжірибе. Өйткені фотосуреттерді танымал желі Facebook-тегі қарапайым халық бағалады. Сондықтан да біз халықтың борандай ұйытқыған бағасының астында қалдық. Олардың бағалары да әртүрлі болып отырды. Бір суретті біреулері «тартымды», «жағымды» десе, енді біреулері тіпті «қатардағы», «жағымсыз» деп бағалап жатады» деп жауап беріпті.Сарапшылар Астана мен Алматыдан түсірілген 100-ге жуық фотосуретті назарға алған екен. Сонымен қатар ғаламтор арқылы бұл сауалнамаға қатысқан әлемнің 3000-ға жуық тұрғынының басым бөлігі қазақтарды ең сұлу ұлт деп…

Read More