Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Алтынмен аптаса да еліне оралған қазақтың баласы
Қоғам

Алтынмен аптаса да еліне оралған қазақтың баласы

09/02/20150
Алтынмен аптаса да еліне оралған қазақтың баласы

Алтынмен аптаса да еліне оралған қазақтың баласы 

Жалпы, танымал болу үшін, ең кемі, жастайыңнан шелектеп тер төгіп, жанкештілікпен еңбек етіп, талантыңды шыңдап, өнеріңді жұртқа паш етіп, талайдың таңдайын қаққыза білуің керек. Өзіңнің қатарластарыңа, оның ішінде ішіне шынтақ айналмайтын көреалмас дұшпандарыңа да еріксіз мықтылығыңды мойындатып, артқы буынға үлгі болып, ал аға буын арқаңнан қағып, риясыз «азаматсың» дейтіндей күнге жеткенде ғана кім-кім болсын өзін белгілі бір деңгейде танымалмын дей алар.

Бірақ бұлай бола беруі шарт емес екен. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан сәттен бастап бүкіл ел басына көтеріп, барлық телеарналардан ол туралы бағдарламалар беріліп, оның атына ғимараттар салынып, есімін бір сәтте бүкіл ел танып жатқанын естісеңіз, таңғалмаңыз. Өмірде ондай да оқиға болады екен. Біздің кейіпкеріміздің басынан дәл осындай жағдай өткен.

Кезінде Ер Жәнібек бабамыз Түркі баласының ата жұрты — Алтайға бастап барған Керей руының ұрпақтары бүгінде Қытайдағы — 2 миллионнан астам, Моңғолиядағы — 200 мыңдай қазақ диаспорасын құрап отыр. Одан кейін де түрлі замандарда бұл елдерге басқа да руларға жататын қазақтар барып қоныстанған. Әсіресе, Моңғол Халық Республикасында Керей, Найман, Уақ руларының өкілдері көптеп кездеседі.

1988 жылы осы Моңғол елінің Бағанур қаласында бүкіл моңғол халқы үшін есте қаларлық ерекше оқиға болды — жан саны аз саналатын дархан халықтың екі миллионыншы нәрестесі өмірге келді. Сахара халқы, қазақы теңеумен айтсақ, бөркін аспанға атып қуанды. Бір қызығы бұл сәби қазақ отбасында — Қибекейұлы Оралбек есімді ағамыздың шаңырағында дүниеге келді.

Моңғол елінің дәрігерлері бұл қуанышты жаңалықты біраз уақыт бұрын болжап, Оралбек Қибекейұлы мен оның жұбайы Гүлсара Қуанбайқызын ескертіп қойыпты. Бір қызығы, бала дәл болжанған күні туса, ол осы елдің екі миллионыншы нәрестесі һәм азаматы саналатындықтан, оның есімі Саямандах аталуы керектігін де күн бұрын хабарлаған. Қазақ тіліне аударғанда бұл сөз «миллион жаса» дегенді білдірсе керек.

Сонымен Гүлсара жеңгеміз Моңғол Республикасының ең ұлы мерекесі — Тәуелсіздік күні саналатын шілденің 11-ші жұлдызында таңғы 9:45-те балпанақтай ұл баланы дүниеге әкеледі. Елдің бұқаралық ақпарат құралдары шулап қоя береді. Баланың атына неке сарайы ашылады. Ол жер әлі күнге дейін Саямандах деп аталып келе жатқан көрінеді. Оған қоса жаңа бой көтеріп келе жатқан кеншілер шаһарынан су жаңа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылады. Балаға жеке дәрігер тағайындалады. Ол ол ма, анасына және нәрестеге елдің екі миллионыншы азаматы болып туғаны үшін алтыннан медаль тағады. 18 жасқа дейін елдің қай жеріне барам десе де тегін жүретін құқық беріледі. О кезде тек шенді-шекпенділердің үйінде ғана үй телефоны болады-мыс, ұзынсонар кезекке де қарамастан ағамыздың отауына қала басшылары үй телефонын орныттырады. Айта берсе көп, Саямандахты түгелдей бір ел басына көтереді.

Қарапайым кенші қазақтың баласы осылайша хан тағына мұрагерден кем күн кешпей өсіп жатады. Уақыт өткен сайын оның денінің саулығын, амандығын арнайы адамдар бақылап отырады. Бірақ Қазақстан деген ел атажұрты екенін, ол тәуеліздік алған күні көштің басын елге бұру керектігін жүрек түкпірінде парыз деп білетін шеттегі қазақ баласы 1991 жылдан бастап атамекенге қарай ағылып қоя береді. Сол кезде көптің қатарында үйін де, жұмысын да тастап, Оралбек ағамыз Павлодар облысы Баянауыл ауданына еңбек шартымен көштің басын бұрады. Ондаған жыл Майкөбе көмір кен орнында жұмыс істейді. Ал 2006 жылы Ақмола облысы Новомарковка ауылына қоныс аударады.

Негізі, Ақмола өңірінің байырғы қазақтары Новомарковка ауылының бұрынғы атауы Мыңшұңқыр деседі. Бірақ орысша атау әне-міне ауысады дегенмен, әзірге еш жаңалық жоқ.

Ал біздің кейіпкеріміз болса ел қатарлы елордада тірлік кешіп жатыр. «Ол жақта жүрсең осы күнге дейін барлық материалдық жағдайыңды жасап бергендей екен ғой» десем, «өз елімде ұлтан болғаным артық қой», — дейді күліп. Қалай келіспейсің?!

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Next Article Ақтамберді жыраудың жетінші ұрпағы Үржарда тұрады

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.