Төртінші разъездегі кезіміз. «Веснада» тұратын Сапар деген жол мастері шілдехана жасап, бізді де шақырды. Алайда, разъезді иен тастап кетуге болмайды. Бізге жақын үшінші разъездегі Ольга деген қызға орнымызға келіп қарай тұруды айттық. Ол мақұл болды. Шілдеханаға біраз адам жиналған екен. Жалғыз үй болған соң зерігіп, ішің пысады ғой. Жиналған дос-жаран, таныс-білістермен жүздесіп, гүл жайнаған дастарқан басында мәз-мейрам болып қалдық. Ән айтылып, би биленіп, отырыс қызып жатқан. Бір кезде еңгезердей-еңгезердей бес орыс солдат кіріп келді. Қастарында шала қазақша, шала орысша сөйлейтін бір пропорщик бар екен. Қуаныш үстіне келген адамға ешкім «кет» демейтіні белгілі. Бәріміз қарсы алып, ортамызды толтырған қонақтарға қуанып жатырмыз.…
Автор: admin
Владимир Путин аутизмнің бір түріне немесе қатерлі ісік дертіне шалдыққан ба? Әлде «нарцисс мегаломаньяк» адам ба? Смоленскіге сапары кезінде Владимир Путин жергілікті дәрігерге қаралды. 25 тамыз 2011 жыл. Том БЭЛМФОРТ Кремль насихаты президент Владимир Путинді жойғыш ұшақты ұршықша үйіріп, жолбарысты қолға үйрете алатын батыр ретінде көрсетеді. Бірақ оның денсаулығына қатысты соңғы жылдары көп тараған қауесетке сенсек, ол – денсаулығы нашар, психологиялық кінәраты бар адам. Путиннің денсаулығына қатысты тараған кейбір болжамдар. Аспергер синдромы 2015 жылы ақпанның 4-і күні USA Today газеті Пентагонның 2008 жылы жүргізген зерттеуіне сүйенген сарапшылар «Путиннің бүкіл шешімдерінен Аспергер синдромының кейбір белгілері, яғни аутизмге шалдыққан адамға тән қылықтар…
Украинаның шығысындағы жағдай ушығып әрі Еуропа одағы басшыларының Ресеймен келіссөзі нәтиже бермей жатқан тұста батыс сарапшылары Украинаға әскери көмек көрсетудің пайдасы мен зиянын бағалайды. Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл. Ақпанның 6-сы күні Ұлыбританияның Guardian газеті «жұма күні Мәскеуде Ресей, Германия және Франция елдерінің Украинадағы шиеленісті реттеу жолдарын талқылауға арналған келіссөзі нәтижесіз аяқталды» деп жазды. Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде бірнеше сағат өткізген Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуден комментарий бермей аттанып кетті. Guardian басылымы «Германия үкіметі өкілінің айтуынша, қыркүйекте Минскіде…

