Көрнекі сурет. Ұлыбритания әлемде бірінші болып «үш ата-ана генінен» қолдан ұрықтандыру технологиясын заңдастырды. Парламентте бір жарым сағатқа жалғасқан пікірталаста «митохондриялық донорлық» туралы заң жобасын 382 депутат қолдап, 128 депутат қарсы дауыс берді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл технология адамға ген арқылы берілетін, әзірше емі жоқ бірқатар ауру түрлерінен сақтандырады. Жаңа әдіс бойынша эмбриондардың генетикалық өзгерісіне ұшырап туған балада үш адамның — әкесі, анасы және донор әйелдің гені болады. Заң жобасы митохондрияда ақауы бар ерлі-зайыптыларға көмектесу үшін қабылданған. Митохондриялық ақау — әйел арқылы берілетін емделмейтін ауру. Бұл дерт 6500 сәбидің біреуінде кездеседі және ол ми қызметінің бұзылуына, жүректің тоқтап қалуына және соқырлыққа әкеп соқтырады. «Үш ата-ана гені» технологиясы…
Автор: admin
Оралмандардың көші-қон тақырыбына арналған «Алаң» бағдарламасын көрдім. Менің бір аңдағаным бағдарлама бойы жүргізуші шетелден келген қандастарға бір «қыжылы» бар адамдай сөз саптады. Жүргізуші деген эмоциясын, жеке пікірін тықпаламай жасыра тұрып, тек бейтарап позиция ұстануы керек деп ойлаймын. Себебі ол оның қызметі. Есесіне келген адамдарды шеберлікпен сөйлете білсін… Ал, бағдарламаның түйін сөзі де жырғаған жоқ. Жүргізушінің ойынша шетелдегі қазақтың бәрі «нәубет жылдары қыр асқандар» екен. Шеттегі қазақтың көбі өзінің ТАРИХИ АТАҚОНЫСТАРЫНДА, қазақтың жерінде отыр. Кеткісі келмейтін себептің бірі де сол. Туған жер, өскен елді тастап кетудің қиындығын басына түскен адам ғана сезінеді. Оны тек «жайлы жағдайды қимайды» деген «торғай көзбен» өлшеуге…
Түркияда тұратын этникалық қазақ Баһадүр Хакім – он шақты фильмге түскен актер. Көбінесе Шығыс Азия халықтарының өкілі болып ойнайтын жігіт «қазақтың атын әлемге кино арқылы танытсам» дейді. Түркияда тұратын қазақ актері Баһадүр Хакім «Ekmek teknesi» фильмінде. Нұртай ЛАХАНҰЛЫ 1978 жылы Түркияның Измир қаласында туған Баһадүр Хакім (Bahadır Hakim) 2002 жылдан бері ол елде 10 фильмге түскен. Баһадүр түскен кинолардың арасында комедиялық туындылар да, көпсериялы фильмдер де бар. Кейіпкерлерінің есімдері Уанг Ли, Аян Ли Тинг немесе Чан Ли болғанын айтқан актер «маған қымбат образ – «Стамбулда ғашық болдым» фильміндегі қазақ жігіті» дейді Азаттыққа берген сұхбатында. Азаттық: – Актерлік мамандықты қалай меңгердіңіз? Алғашқы…

