Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер футболшылардың трансферлік нарықтағы бағасы туралы әңгімені жалғастырамыз. Біз енді назарларыңызға ел біріншілігіндегі ең қымбат деген он қазақ футболшыларын ұсынуды жөн санап отырмыз. Ел біріншілігігінде доп теуіп жүрген қазақ футболшыларының трансферлік нарықтағы құнын ақытау үшін біз тағы да Transfermarkt.de порталының мәліметіне жүгіндік. Ондағы ұсынылған ақпарат бойынша, ел біріншілігіндегі ең қымбат қазақ футболшысы – Бауыржан Исламхан екен. Алматының «Қайрат» клубының намысын қорғайтын талантты жартылай қорғаушының құны – 600 мың еуро. Бүгінде тек «Қайратты» ғана емес Ұлттық құраманы өрге сүйреп жүрген «Баторидің» өткен жылмен салыстырғанда трансферлік нарықтағы құны 250 мың еуроға өсіпті. Екінші орында елорданың «Астана» клубының намысын қорғайтын шабулшы…
Автор: admin
Бұл адам түркі-қазақ жұртына әдебиетінің ортағасырлық тарихын танытты, көпшіліктің қазіргі тарихи санасына хандық дәуіріне қатысты кеңістік пен уақыт образдарын орнықтырды, совет кезеңінде-ақ шаблоннан шығып «міндетті жағымды кейіпкердің» жағымсыз қылықтары суреттелген көркем шығарма жазды, сөзден эпикалық картиналар салатын жазушылық зор әлеуетінің арқасында көзі тірісінде-ақ оқырмандары классик деп атады, бүгінгі қоғамдық-саяси мәселелер бойынша ақыл мен сезім таразысына дәл тартылған әділ пайғам айтушы анық ақсақалға айналды. Бұл кісіні пост-советтік аласапыран шақтағы дәстүрлі қазақ дүниетанымының діңі дер едім. Мына бір өзім тартқан суретте классик жазушы Мұхтар Мағауин Прагадағы үйіміздің дастарқанынан дәм татқан сайын жасайтын ырымы бойынша жауырын қарап отыр. Құжат бойынша бүгін 75-ке толған (шыны…
Алматы қ. 61993 әскери бөлімінің базасында АҚШ Қарулы Күштерінің өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуына даярлық жұмыстары аяқталды. «Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізу екі кезеңде өтеді. 1-кезең – ағымдағы жылдың сәуір айына, ал 2-кезең – маусымға жоспарланған. «Дала қыраны» оқу-жаттығуының бірінші кезеңінде «Қазбат» бітімгершілік батальонын бейбітшілікті қолдау жөнгіндегі көп бейінді операцияларға сәйкес көпұлтты күштер құрамына жүктелген міндеттерді орындауға қабілеттілігі тексеріледі. Қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру, елді мекенді қоршау және жергілікті жерді босату мәселелері пысықталатын болады. Сонымен қатар, ұрысты күзету әдістері, күш қолдану ережелерін сақтау, адамдар мен автокөліктерді тексеру жұмыстарын ұйымдастыру, жарылғыш заттарды айқындау, байланысты ұйымдастыру және халықаралық стандарттарға…

