ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінде жаңа авиациялық техниканы қару-жарақ сапына қоюмен қатар сол техниканы ұшқыштар құрамының меңгеруін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Алматы қаласының авиациялық базасында оқу-жаттығу ұшуы барысында майор Раиль Құрбанғалиев тұңғыш рет экипаж командирі ретінде С-295 испандық әскери көлік ұшағын басқарып өз бетінше ұшты. Тұңғыш ұшу алдында әскери қызметші көп еңбектеніп, жерде түрлі жаттығу құрылғыларында жаттықты. Майор Құрбанғалиев кеме командирі көмекшісі лауазымынан авиациялық жасақ командирі лауазымына дейін көтерілген. Алдында ол Ан-26 мен Ан-12 ұшақтарын меңгерліп, олармен 900 сағаттан артық ұшқан. 2014 жылы Севилия қаласындағы (Испания) Airbus Military даярлау орталығында теориялық курстан өтіп, сертификат алды. Ал ұшудан қайда даярлықты Қазақстанда…
Автор: admin
Сіз 11 жасында 11 111 рет серпіліс (отжимание) жасаған баланы білесіз бе? 2001 жыл… 8 жасар Сұлтан Әбілқайыртегі Темірландағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) орталық алаңға жиналған дүйім жұрттың назарын өзіне аудартты. Қалай дейсіз ғой?… Қажымұқанның 130 жылдығына орай қазақша күрестен халықаралық турнир өтіп жатқан болатын. Төреші Сұлтанды ортаға жетелеп шығып, «үш сағат серпіліс (отжимание) жасайды» дегенде, сене қоймадық. Өйткені, сыныптас ұлдар денешынықтыру сабағында 3-4 минутта 30-ға әрең жеткізетін. Сенер-сенбесімізді білмей тұрғанда, Сұлтан көк майсаға жайылған кілем үстінде кеудесін бір көтеріп, бір түсіріп жаттығуын орындауға кірісті. Қасында екі төреші тұр. Бес минут жасады… Он минут… Жарты сағат өтті… Тоқтайтын түрі жоқ. Іштей…
Әлемнің ең көне мерекелерінің бірі – «Наурыздың» ауылы алыс емес. «Наурыз» жаңа күн деген мағынаны береді. Халық арасында ерекше қолдауға ие бұл мереке XVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де тойланып келген. Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді. Нақ, осы күннен бастап, республикамызда Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіле бастады. НАУРЫЗ – ЖАҢА ПІШІМДЕ Қазақстан…

