Әуелде қазаққа ұрпағы үшін уысы тас өлермен болуы керектігін айтып «Бір уыс бидайды» жазып еді, бірақ, біздің уысымыз тым бос-«бидайымыз» сауылдап төгіліп жүр. Содан барып «Мен» дей алмадық, «біз,біз» деп жалпақшешейлікпен күн өтіп барады. Ала құйыны тоқтамаған «аласапыран» заманда бетімізге түкіргеннің балтырын қанатар Лашын-мінез де бұйырмапты. Әр бұратанадан «сары қазақтың» адалдығын күтіп, жәутеңдеумен, «жармақтанып» жан бағып келеміз. «Қазақсыз Қазақстан» дегенде кеуденің бәрін Шаханның шері алып, құсаланғанымызбен, көмейден зор үн шығарар түріміз көрінбейді…
Бастысы, осының бәрін айтып, жазып отырар Мұқаң бар! Аман болсын, ақсақал! Құдай қуат берсін!
Serik Abiken нiң facebook парақшасынан алынды
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).



