Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге салынған санкцияларды алты айға созу туралы құжат пен жаңа санкция салынатын адамдардың тізімін дайындады деп хабарлады Reuters агенттігі. Ресейшіл сепаратистердің Украинаның шығысындағы жаңа шабуылынан кейін ЕО елдері сыртқы істер министрлері кезектен тыс бас қосу өткізіп, құжатты жасаған. Құжатта «Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қауіп төндіргені үшін заңды және жеке тұлғаларға шектеу 2015 жылдың қыркүйегіне дейін созылады» деп көрсетілген. Украина үкіметінің мәлімдеуінше, 24 қаңтарда сепаратистердің Мариуполь қаласына шабуылы кезінде 30 бейбіт тұрғын мерт болған. azattyq.org
Автор: admin
Кіріспе. Менен соңғы кездегі автонарықта болып жатқан өзгерістерге байланысты пікір сұраушылар көбейіп кетті. Өз шаруам бастан асып жатқандықтан, бірдеңе «сүйкеуге» мойным жар бермей жүрген. Соңғы жаңалықтарды шолып отырып, өзі пікірімді білдіруді жөн көрдім. Жалпыға мәлім, батыс мемлекеттерінің жаппай салған санкциялары мен рубльдің құнсыздануының кесірінен, солтүстіктегі көршімізде барлық тауарлармен бірге автокөліктің де рубльге шаққандағы құны айтарлықтай арзандады. Бұл – осы үш айдан астам уақыт аралығында елімізге 37 мыңға жуық автокөлік импортталуына себепкер болды. Енді есептеп көрейік. Мәселенің мәні. 37 мың автокөліктің әрқайсысының құны шамамен орташа есеппен 20 мың АҚШ доллары деп есептесек (негізінен премиум класты автокөліктер сатып алынғанын ескерсек, тіпті көп…
Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің базасында АҚШ Қарулы Күштері өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын жоспарлау басталды. 8 адамнан тұратын АҚШ делегациясын майор Джастин Колберт бастап келді. Іс-шараның мақсаты – «Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының жоспар-ниетін талқылау, жоспарлау және бекіту. Биыл Қазақстан тарапынан «Қазбат» бітімгершілік батальонының барлық жеке құрамы және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері «Қазбриг» бітімгершілік бригадасы штабының қатысуы жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, «Дала қыраны-2015» оқу-жаттығуы «Қазбригтің» бейбітшілікті қолдау және біріккен қолбасшылықпен көпұлтты күштер құрамында міндеттерді атқару қабілетін тексеруге бағытталған. Аталған оқу-жаттығу 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын оқу-жаттығуға 1 500-ден астам адам жұмылдырылып, шет мемлекеттердің әскери…

