Ү.ж. 22 қаңтарда Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов латвиялық саясаткер, Еуропалық Парламент депутаты, Орталық Азия және Моңғолия елдерімен ынтымақтастық бойынша делегация төрағасы Ивета Григулемен кездесті -деп хабардайды сыртқы іcтер министірлігі баспа сөз қызметі. Кездесу барысында тараптар ҚР және ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісімшартты парафирлеу аясында Қазақстанның Еуропа Одағымен және, атап айтқанда, Латвиямен қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады. Аталған келісім бойынша келіссөздер үш жылға созылып, 2014 жылы 9 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге сапары барысында аяқталды, ал ү.ж. 20 қаңтарда Брюссельде тараптар жаңа келісімшарт мәтінін парафирлеу рәсімін өткізді. Министр Қазақстан мен ЕО арасында…
Автор: admin
Қазақтың шертпе күй мектебінің негізін қалаушы, қаратаулық күй дәстүрінің шырақшысы, ғасырымыздың күй-шежіресі, Сүгірдің төл шәкірті — Файзолла Үрмізов ақсақал дүниеден озды -деп хабардар етті Жанғали Жүзбай өзінің facebook парақшасында . Ұлы ханның ұрпағы Тарихта Абылайдың 30 ұлы, 40 қызы болғандығы белгілі. Кенесары ханның Әбубәкір деген баласынан тарайтын белгілі күйші Файзолла Үрмізов ақсақал 30 ұлды былайша таратады. 1. Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім атты төрт ұл. 2. Бабақ ханымнан: Шеген, Үрістем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбдолла атты алты ұл. 3. Бопыш ханымнан: Тоқ, Қосым, Арық атты үш ұл. 4. Хоша ханымнан: Қасым, Қамбар атты екі ұл. 5. Тоқта ханымнан: Сығай, Сүйік, Тағай атты…
АҚШ президенті Барак Обама Мариупольді артиллериялық қарудан атқылап, 30 адамды мерт етіп, 90-нан астамын жаралаған оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдірді. Үндістанда мемлекеттік сапармен жүрген Обама Украинаның шығысындағы атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына АҚШ-тың алаңдап отырғанын мәлімдеді. Ол Донбастағы ахуалды шиеленістіріп отыр деп сепаратистерді айыптады. Обаманың айтуынша, Ресей сепаратистерге «керек-жарағы мен қаржы беріп, әскери жаттығулар өткізуге болысып, бұл аймаққа ресейлік әскерилерді жіберіп қолдау танытып отыр». Барак Обама АҚШ пен оның одақтастары Ресейге қарсы қысымды күшейтетіндігін және бұл бағытта әскери іс-қимылдан басқа барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын мәлімдеген. azattyq.org

