Айқармада айтарым: Азамат соғысына 100 жыл Өткен ғасырдағы Азамат соғысы жылдарында Торғайда, Семейде, Зайсанда, Лепсіде, т.б. жерлерде құрылып, аз уақыт соғысса да, Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресіп, небір ұлттық-патриоттық ерліктің үлгісін көрсеткен Алаш полктары туралы не білеміз? Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің былай бір жазғаны бар: «…Жаңа Семейдің шетінде отырған Орталық Алашорда Колчакпен шарт жасасып, Совет үкіметіне тұс-тұстан жабыла бастады. Алаш полктері майданға шықты. Алашорда бейбіт елді талан-таражға салған бандылардың ордасына айналды» (Таңдамалы үш томдық, 2-том. Алматы. 1980 ж. 465-бет). Кеңестік кездің идеологиясымен лажсыз жазылған жағдай шынында да осылай ма еді? Алғашқы Алаш полктары Лепсі уезіне қараған қазіргі ШҚО-ның…
Автор: admin
1990 жылдардың басындағы қайта құру, демократия, жариялылық лебі бет қаратпай тұрған бей-берекет заман. Нарықты экономика жабайы түрде қалыптаса бастаған. Қоғам қасқыр мен қойға бөлінген шақ. Мұндай қоғамда, әрине, қасқыр болған артық. Осылайша Қазақстанда да рэкеттік топтар аренаға шықты. «Баха-Фестиваль», «Қара Алмас» секілді қылмыс әлемінің серкелері пайда болды. Олардың ең басында қазақстандық қылмыс әлемінің «кіндік әкесі» атанған «Сары Алмас» («Рыжий Алмаз») тұрды. Ол бұрынғы спортшылар мен милиция қызметкерлерінен, ауған соғысына қатысқандардан арнайы бригада жасақтады. Алматының тең жартысындағы мейрамханалар мен кафелер, казинолар, автосалондар, базарлар оның «қолтығына» барып тығылды. Ірі банктер мен белгілі фирмалардың «крышасы» атанды. Алматы ғана емес, ТМД-ны шулатқан, аты…
Үкіметтің қаулысымен облыстың үш білім шаңырағына осы өңірде туып-өскен, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына зор үлес қосқан танымал тұлғалардың есімдері берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ел қастерлейтін тау тұлғалы азаматтардың бірі Жұмабек Тәшенов облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған кезеңде халыққа сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бұдан былай Петропавл қаласындағы № 20 қазақ мектебі осындай қазақтың ірі тұлғасы, қоғам және мемлекет қайраткерінің есімімен аталатын болды. Қалалық классикалық гимназия белгілі жазушы, драматург Сафуан Шаймерденовтің атын иеленді. Есіл ауданы Николаевка орта мектебіне белгілі ұстаз, білгір басшы, Ленин орденінің иегері Асқар Игібаевтың есімі берілді. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz.

