Кітап ─ деген қазына Жүректерге сәуле сепкен ─ «Сана суреттері» Белгілі ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лаураеты Аманғазы Кәріпжанәулетінің есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Оның алғашқы жырлары сонау өткен ХХ-ғасырдың 80-жылдарының басындағы студент кезінде-ақ мерзімді басылым беттерінде жиі жарық көріп жататын. Ол ақындығымен қатар озық ойлы пікірлерін де жасқанбай ашық білдіретін азаматтығымен де ерекшеленіп тұратын. Содан да болар 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне қатысушы белсенді жастардың бірі болды. Сол кездегі билік тарапынан небір қысастықты басынан өткізді. Жә, ол өзге әңгімеміздің өзегі болар. Бүгінгі сөз талантты ақын бауырымыздың сиясы кеуіп үлгермеген таяуда ғана «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен жарық…
Автор: admin
Қазақстан Үкіметі бір жыл жыр қылып жүріп, «Халықтың Көші-қоны туралы» Заң жобасын сүзгіден өткізіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне жолдады. Қазір Мәжіліс комитеттері заң жобасымен жұмыс істей бастады. Денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Этникалық көші-қонды реттеу басқармасының басшысы Марат Тоқсамбаев заң жобасының алдағы жазға дейін талқыға түсіп, қабылдануы мүмкін екендігін жеткізіп отыр. Алыс-жақын шетелдерден келетін оралмандар үшін бұл заң аса маңызды құжатқа айналмақ. Өйткені заңдық нормалардың өзгеруі салдарынан Қазақстан қандастарымызды қарсы алуды күрделендіріп жіберді. Онсыз да күрделі өмір одан әрмен тарылып, бір тарының қауызына сиярдай болған. Сергелдеңге түскен қандастарымыз үшін ҚР азаматтығын алу былай тұрсын, шетел азаматы ретінде тұрақты тіркеуге тұрудың өзі қиямет…
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай аймағындағы қазақ халық медицинасы мен қазақ ұлттық ат спорты ойындары Қытайдың мемлекеттік категориядағы материалдық емес мәдени мұраларының кеңейтілген тізіміне енгізілді. Бұл жайында Қытай орталық халықтық радиостанциясына сілтеме жасаған Xinhua агенттігі хабарлады. Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында Алтай аймағында тұратын қазақтар арасында қазақ халық медицинасы мен ат спорты ойындары кең таралған. Қытайда соңғы рет 2012 жылы жүргізілген халық санағы бойынша, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1 миллион 400 мыңнан астам қазақ тұрады. Азаттық бұдан алдын Қытайда қазақтардың дәстүрлі медицинасын кең ауқымда оқыту басталғанын хабарлаған еді. azattyq.org

