Автор: admin

ҚазАқпарат — Астанада такси жүргізушісі полиция қызметкерлеріне букмекерлік кеңседен теледидарларды ұрлаған баукеспелерді ұстауға көмектесті. Бұл туралы елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды. «Түнде Астана қаласының екі тұрғыны букмекерлік кеңседен түрлі-түсті теледидарларды жымқырған. Ұрланған заттарды тасымалдау үшін сыбайластар такси тоқтатқан. Такси жүргізушісі жолаушылардың әрекеттеріне күдікпен қарады, оның айтуынша, әдетте ірі заттарды түнде тасымалдамайды. Қолайлы сәтті таңдап, ол «102» пультіне хабарласқан. Жедел келіп жеткен полиция қызметкерлері ұрлық жасаған адамдарды қылмыс үстінде ұстады», — делінген хабарламада. «Алматы» аудандық ІІБ басшысы Марат Төлебаев такси жүргізушісіне сыйақы ретінде теледидар тапсырды. Ол такси жүргізушісінің мақсатты әрекеттері, тапқырлығы және белсенді азаматтық позициясының арқасында бұл қылмыс «ізі суымай» ашылғанын…

Read More

Қытай қазақтары арасынан шыққан үлкен ғалым, зиялы тұлға Нығмет Мыңжани (1919-1993 ж.ж) 1979 жылы Үрімжі қаласында шығатын «Шинжан әдебиет – көркемөнері» атты журналдың  12-санына  «Тінейдің сары құсы» атты этнографиялық жазба жариялаған екен. Осы туындыны қайтадан редакциялап, өңделген нұсқасын оқырмандарға ұсынып отырмыз. Ертеде Алтай өлкесін мекен еткен Тіней атты атақты құсбегі  өтіпті. Бірде осы кісінің жалғыз тұяқ құла биесі бошалап кетіп,  Ертістің мұзының үстіне барып құлындаған екен. Қара құйрық, қара жал, еркек құла құлын туыпты. Иесі іздеп барса, жарықтық құла бие қамыс құлағын қайшылап елеңдеп өзеннің жағасына жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Бұған не болды деп қараса: жағада құла биенің шуын жеп тояттап,…

Read More

Қытайда қазақ ақыны Абай туралы 3D форматындағы 104 сериялы анимациялық фильм түсіруге кірісті. Фильм иесі «туынды қазақ мәдениетін түсінуге сеп боларын» айтады. Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Қытайдың Үрімжі қаласындағы қазақ кәсіпкері Ғұсман Қажытай басқаратын «Абай жолы» анимациялық компаниясы «Абайдың балалық шағы» атты көпсериялы анимациялық фильм түсіріп жатыр. 1979 жылы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай аймағы Толы ауданында туған, мамандығы экономист Ғұсман Қажытай Азаттыққа берген сұхбатында қазақтың классик ақыны туралы мультфильм түсіру себебін түсіндірді. Азаттық: – Көпсериялы мультфильмнің басты кейіпкері ретінде Абайды таңдауға не себеп болды? Ғұсман Қажытай: – Қазақстанда «Алдар көсе», «Қаңбақ шал», «Қошқар мен теке» секілді мультфильмдер шықты ғой. Бірақ Қазақстанда түсірілген мультфильмдердің Қытайда…

Read More