Автор: admin

  Қазақтың тың тарихы *** Бір кісілер түрік қағанатының 1470 жылдығын атап өтуді ұсыныпты. Мұндай қаншама қағанаттың болғанын тарихшылар мен саясаткерлер әлдеқашан мойындап қойған. Мәселе қазақтың мемлекеттілігінде, қашан ұлт болып қалыптасқандығында болып тұр ғой. Оны біз білсек те, кейбіреулер әдейі білмегенсіп, қазақта мемлекет болмаған деп көсемсігенін көрдіңіздер. Қазақ хандығының құрылған уақытын мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек. Оны кейін баяғы түрік қағанаттарының бүгінгі мұрагері екенін «дәлелдеу» де қиынға соқпайды. Құжатты да адам алдымен өзінің өмірде бар екенін дәлелдеу үшін алып, сосын ғана сол құжатта кімнің үрім-бұтағы екенін көзге шұқығандай етіп көрсетпеуші ме еді?!. *** Бейбарыс моңғолдармен соғысқан еді ғой дейді. Сол…

Read More

Соңғы кезде байқап жүрсем, қазақ көрінгеннен қорқып қалған ба дерсің немесе қорқытып тастаған. Соңғысы дұрыс болар… Айтқым келгені бұрын тек орыстан қаймығатынымыз белгілі. Енді ше, 300 жыл бойы мойынға мініп келген соң, қалай бөгежектемейсің. Бірақ ел болып етек жиған соң, түзеліп келе жатыр едік. Аяқ асты арабтардан сескене бастадық. Қазақ түк білмейді екен. Қазақтың ісі түгел теріс екен. Дін тек арабта екен-мыс. Әрі беріден соң, арабтардан пәтуа келмесе, қимылдау қиын болды. Бірақ қорқа қорқа батыр болдық па, арабтарға қарсы иммунитет пайда болғанда, арабтан жұққан жебірей деген фобия кезікті. Құдай салмасын, әлемді қырып жатқан да сол, білгенін қылып жатқан да сол.…

Read More

Бір оқырман былай деп жазыпты маған Сіздің барлық жазбаларыңызды оқып жүрмін бірақ неге ойларыңыз қайталанады, екінші сіз айтқан ойларды ел президенті айтып отырған жоқ па деп.  Менің жауабым осындай болды: — Құрметті оқырман! Біріншіден менен басқа кім шетелдегі қандастарымызбен жемісті ынтымақтастықты орнатуды ұсынды бұл үлкен жұмыс, менен басқа қазақ халқына мемлекетқұраушы ұлт деп айтқан кім, 2015 жылын ассамблея емес мемлекеттік тіл жылы деп жариялауға кім ұсынды, домбра күнін мереке ретінде тойлауға ұсынған менен басқа кім, домбраны ЮНЕСКОның материалдық емес шедеврлардың тізіміне еңгізуге ұсынған менен басқа кім бар, шетелдегі қандастарымызбен бірігіп жалпықазақтық спорттық ойндарды өткізуді кім ұсынған, ұлттық спорт түрлерін жүйелі…

Read More