Автор: admin

   ҚазАқпарат — Ежелгі заманның қатпарлы қойнауынан сыр шертетін көне жәдігерлер мен ғасырлар шежіресінің мұражайындай болып сақталған ескі қорымдардың маңызы ерекше. Оны табу, зерттеп сырына үңілу тарихи көкжиегімізді кеңейте түсері анық. Міне, осындай құнды ескерткіштердің бірегейі Алтай тауының алыс бір қойнауында жатыр. Олай болса, жергілікті халық «Хан мазары» атап кеткен осы алып қорым туралы аз-кем сөз қозғап көрелік. Бүгінгі күні «Орта Азияның алып пирамидасы» талай ғасырлар құпиясын  ішіне бүгіп, түркілер тарихының сырлы қазынасын бауырына басқан күйі үнсіз тұр. Зерттеушілер әр алуан пікір білдіріп, ой топшы, жормал жасалғаны болмаса, ол жайында дөп басып, түбегейлі тұжырым айта алмай келеді. Талай жанның таңдайын…

Read More

Ағылшындардың «The Guardian» газеті «Постсәветтік әлем: Мұндағы 15 мемлекет туралы сізге ең алдымен нені білу керек» деп аталатын мақаласында Қазақстанға арнайы тоқталып өтіп, әлемге әйгілі тұлға Шыңғыс ханды ең танымал қазақ (император) деп жазыпты. Ал Боратты ойдан шығарған кейіпкер деп атап өткен екен…. Jolimbet Makishev  facebook парақшасынан алынды.

Read More

  ҚазАқпарат — Қазақстан мен Әзербайжан арасында Трансеуразиялық суперақпараттық магистральдің (TASIM) су асты сегментін салу туралы келісімге қол жеткізілді.Бұл туралы сенбі күні журналистерге Әзербайжанның байланыс және жоғары технологиялар министрі Әли Аббасов айтты, деп хабарлайды Trend. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта аталған екі ел арасында келісімшартқа қол қойылып, жыл соңында құрылыс жұмыстары басталмақ. Айта кетейік, TASIM жобасы Франкфурттан Гонконгқа дейінгі аралықта негізгі транзиттік байланыс желісін құруды қарастырады. Еуропа мен Азия елдерінің ірі ақпарат алмасу орталықтарын біріктіретін желі Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Қытай елдері арқылы Германияға дейін жүргізілмек. Ал солтүстіктегі екінші транзиттік желі Ресей, Украина және Польша елдерінің жерін басып өтеді. Қазіргі сәтте Әзербайжан Қазақстанмен осы жобаның…

Read More