Рабиа ибн Қағыб әл-Әслами жеткізуде: «Ардақты пайғамбарымызға (с.а.с.) дәрет суын жеткізіп беріп, басқа да қолғабыстар жасайтынмын. Бір күні «Тілегің болса, маған айт» деді. «Сіздің жақын досыңыз болғым келеді» дедім. «Осыны ғана сұрайсың ба, басқа ешқандай тілек айтпайсың ба?» деді. Мен тек осыны ғана қалайтынымды айттым. Сонда Аллаһ елшісі «Онда өзің үшін көп сәжде жасап, маған көмектес» деді». Бұл оқиғадан мынаны түсінуге болады: басқадан сұраған істе өзің де қолыңнан келгенше үлес қос, сонда сұраған нәрсенің шынайы бағасын білесің. Пайғамбарға екі дүниеде де дос әрі жолдас болғысы келген адам көп сәжде жасауды әдет етіп, сәждеде Жаратушы Иеге көп дұға етуі тиіс. Зор…
Автор: admin
Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейтін қазақтың ру-тайпаларыҚазақ халқын өзге ұлттардан ерекшелендіретін дәстүрлерінің бірі және қатаң генетикалық заңы – экзогамия. Яғни бір қауым мүшелері арасындағы некеге тиым салу, қан араластыруға (инцест) жол бермеу. Біздіңше, ата-бабаларымыз осы салтты тым ертеден-ақ қолға алса керек. Олардың кейбір жұптардан балалардың дені сау, ал кейбіреулерінен дімкәс немесе мүгедек болып туылатынына назар аудармауы, ойланбауы мүмкін емес. Өздерін «жылқы мінездес» деп айтатын, бүкіл өмірлері ат үстінде өткен аталарымыздың қан араластыруға жол бермеуіне жылқы да өз әсерін тигізсе керек. Ал жылқы ешқашан қан араластырмайды екен. Тай, ересек құнаннан дөнен шығып, «апа-қарындастарына» мекіренер жасқа жеткенде үйір егесі – кексе айғыр оны…
Украина билігі ресейшіл сепаратистердің «Донецк әуежайының бір бөлігін бақылауға алдық» деген мәілмдемесін жоққа шығарды. Украина қарулы күштері бас штабының ресми өкілі Владислав Селезнев бүгін «Донецк әуежайындағы жаңа терминал антитеррорлық операция күштерінің бақылауында» екенін мәлімдеді. Донецк халықаралық әуежайы қазір қираған. Әуежайда украин әскері мен сепаратистер арасында шайқас жүріп жатыр. АҚШ мемлекеттік департаменті бұған дейін Донецк әуежайы маңындағы шайқас сепаратистердің 2014 жылдың қыркүйегінде Минскіде жасалған келісім талаптарын орындамауынан туындады деп мәлімдеген. БҰҰ дерегінше, 2014 жылдың сәуір айынан бері Шығыс Украинадағы қақтығыстардан 4700-ден астам адам мерт болған. azattyq.org

