Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізеді. Биыл 1998 жылы туған жасөспірімдер тіркеуге жатады. Тіркеу науқаны барысында азаматтар әскери есепке алынып, болашақ әскер қатарына шақырылушылардың саны анықталады. Сонымен қатар жастардың білімі, алған мамандығы, дене даярлығы ескеріле отырып олардың әскери қызметке жарамдылығы айқындалады. Бозбалалар медициналық тексеруден өтіп, емдеуді немесе медициналық бақылауды қажет ететін жастармен емдеу-сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі. Денсаулық жай-күйі және басқа да қабілеттері бойынша жарамды деп танылған әскер қатарына шақырылушыларға әскери оқу орындарында, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында білім алу…
Автор: admin
Өзбекстандағы қазақтардың негізгі бөлігін ұлы жүз қазақтары құрайды. Олардың басым бөлігі өздерінің атамекенінде өмір сүріп, 1924-1926 жж. Орта Азия республикаларын ұлттық территориалдық жағынан межелеуге байланысты бөгде елдің құрамында қалып, бүгінде «ирредент» деп аталған қауымнан тұрады. Бұларға Ташкент, Сырдария, Жызақ облыстары қазақтарын жатқызуға болады. Ендеше Орта Азияға қарай қоныстанған қазақтардың Өзбекстан мен Қарақалпақстан автономиясына шоғырлану тарихы туралы не білеміз? Олардың басым бөлігін қай жүздің қазақтары құрайды? Аталған аймақта тек ирреденттер ғана емес, миграциямен яғни саяси қуғыншылықпен не басқа да себептермен кейін көшіп келген диаспора тобы да кездеседі. Өзбекстандағы қазақтардың қоныстану тарихына, орналасу ареалы және рулық құрамына талдау жасайтын болсақ, қазіргі Ташкент…
АЙҚЫМ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына кіретін Шапырашты тайпасынан таратылады. Ұраны — Қарасай, таңбасы — ай, тұмар. Айқым руы Верный уезін мекендеген. Қыстаулары — Ақши, Қарғалы, ұзын-Қарғалы деген жерлерде болған, бір бөлігі — Айдос, Қасқабұлақ, Қызылауызды қыстаған. Ежелден Есік, Түрген, Іле өзендерінің жоғарғы және орта ағысын иеленген. Шыбыл, Асыл, Есқожа дейтін аталас рулармен көрші отырған. Айқым Қайдауыл, Сейтқұл, Қалқаман деген үш атаға бөлінеді.[1] Alashainasy.kz

