«Сәтті қадам» жобасы III кезеңінің қатысушысы Қанан Ая өзі бітірген жоғары оқу орнына жұмысқа орналасты, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі. Ая 1988 жылы ҚХР дүниеге келген. Кейіннен ол отбасымен бірге өз тарихи отанына қайтып оралды. Ая 2010 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығын тәмамдаған соң, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бейжің қаласында орналасқан Цинхуа университетінің магистратура бөліміне оқуға түседі. Қытай даналығында айтылғандай, «оқып үйренуге, уақыт келгенде, сол алған тәжірибеңді өз саласында қолдана алу – неткен бақыт?!» осы бағытқа сүйенген Қана Ая өзінің кәсіби өмірлік жолын «Сәтті қадам» жобасынан бастауды жөн көрді. Жобаның барлық кезеңдерінен…
Автор: admin
Жыл басынан бері ең көп талқыланған автокресло мәселесіне қатысты бүгін ҚР ІІМ өкілі түсініктеме берді. Ведомствоға қарасты Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеханың айтуынша, автокресло тек емізулі балаларға ғана арналған құрылғы. Ал, өзге балалар арнайы қорғаныш белбеуімен де отыра алады. Баланың бойы 1 метр 35 см, салмағы 36 келіден асқан жағдайда ол ересек адамдармен бірдей көліктің өзіндегі қауіпсіздік белбеуін ғана тағады дейді маман. – Қазақстан БҰҰ-ның бала құқықтары туралы Конвенцияға мүше екенін білесіздер. Мемлекет қандайда бір халықаралық құжатқа қосылса, сол халықаралық құжаттағы нормаларды орындауы керек. Сондықтан, біз ол ережелерді ұлттық заңнамамызға енгізуге міндеттіміз. Конвенцияға сәйкес, балаларды жол апаттарынан сақтау мақсатында…
Бүгін Қазақстандағы жергілікті ақпарат агенттіктері «Академик, Қазақстан президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиев 82 жасында қайтыс болды» деп хабарлады. Мұхтар Әлиев Совет Одағы тұсында Қазақ ССР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды, Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығын басқарды. 2008 жылы Қазақстанның Австриядағы елшісі болған ұлы Рахат Әлиев қуғынға ұшырап, аса ауыр қылмыс жасады деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған соң, Мұхтар Әлиев шетелге кетіп қалған. 2009 жылыҚазақстанға оралған Мұхтар Әлиев «іс жүзінде үйқамақта отырған әйеліне көмектескісі келетінін» айтқан. Рахат Әлиев қазір Венада қамауда отыр. Ол 2014 жылдың маусымында тұтқындалған. Өткен жылдың желтоқсанында Австрия прокуратурасы Рахат Әлиевке «қазақстандық екі банкирдің өліміне қатысы бар» дегенайып…

