ҚазАқпарат — Тәуелсіз ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған қазақ ұланы марқұм Бекзат Саттарханов тірі болғанда биыл 34 жасқа толар еді. 1980 жылы 4 сәуір күні өмір есігін ашып, 2000 жылы желтоқсанның 31 күні, небары 20 жасында жол-көлік оқиғасынан мына дүниеге мәңгілікке қош айтты… Алаш жұрты осыдан 14 жыл бұрын, тура осы күні асыл ұлынан айырылып, қайғылы қазадан қабырғасы сөгілді. «Ер Бекзатым-ай!» — деп еңіреген жұртта ес қалмады. Әрине, ел егілмей қайтсін?!. Жарқ етіп шыққан жұлдызынан қас қағым сәтте көз жазып қалды. Әлі еліне бергенінен берері көп жас талантқа жарық дүниенің сыйлаған ғұмыры тым қысқа ғана болды. Алланың жазғанына…
Автор: admin
2014 жыл басына қазақ ұлтының Қазақстан Республикасының жалпы санындағы үлесі бойынша 65,52 % құрады.Бұл ресми деректер,ресми емес деректер бойынша баяғыда 70% болды.Себебі статистика агенттігінің санағына ілікпеген қазақтардың саны көп болмаса, аз емес. Ал ресми деректер бойынша және картадағы қою жасыл боясына қарап Қазақстанда пайыздық көрсеткіш бойынша қазақтар ең басым облыстар: Қызылорда облысы — 95,78% қазақтар; Атырау облысы — 91,84% қазақтар. Сондай-ақ Маңғыстау облысы — 89,58%; Ақтөбе облысы — 81%; Батыс Қазақстан облысы — 74,29%; Астана қаласы — 74,29%; Оңтүстік Қазақстан облысы — 72,80%; Жамбыл облысы — 72,21% және Алматы облысы — 69,71% қазақтар. Бұл көрсетілген тоғыз өңірді «қазақ облыстары» деп…
2014 жылы 19 маусымда Астана қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ер Жәнібектің 300 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел және Ер Жәнібек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Балқаш қаласының азаматтары арнайы шақырылды. Конференциядан алған әсерлерімен бөлісу мақсатында Балқаш қаласында тұратын керей туыстардың басын қосып, көрген-білгендерін, көңілдеріне түйгендерін ортаға салды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»,- деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз керей тарихын саралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ер Жәнібектің қазақ тарихында алатын орнын зерттеп, батырдың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету, баһадүр еріміздің тарихи рөлін ғылыми-біліми тұрғыдан насихаттау мақсатымен Балқаш қаласында «Мәңгілік ел және…

