Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ,
Тарих ғылымдарының докторы,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
халықаралық қатынастар факультетінің профессоры
Қазақ – ұзақ тарихы, шұғылалы мәдениті бар байырғы халықтардың бірі.
Оның этногенезі осынау кең-байтақ Еуразия сахарасында ерте заманда өмір
сүрген көптеген ру-тайпалардан бастау алып, мыңдаған жылдар бойы өзара
сіңісу, біртұтастану, ыдырау, қайта бірігу барысында бір-бірімен етене
жақындасқан этникалық топтардың ортақ ұлттық мәдениет
қалыптастыруының нәтижесінде, Қазақстан аумағында бірегей дербес ұлт
болып тарихи сахнасына көтерілген. Сол сияқты, Қазақ ұлттық мемлекеті,
яғни Қазақ хандығы да Қазақстан аумағында ерте, орта ғасырларда құрылған
тайпалық одақтар, аймақтық мемлекеттер, тіпті, алып империялардың
дамып көркеюі және құлдырап ыдырауы сияқты әлемдік тарихтағы ерте,
орта ғасырларда пайда болған мемлекеттерде болған жалпыға бірдей
қоғамдық даму заңдылықтарды бастан кешіріп барып Ұлттық мемлекет –
Қазақ хандығы дүниеге келген болатын.
Қазақ халқының ұзақ тарихын анықтайтын әртүрлі тілде жазылған тарихи де-
ректер баршылық. Солардың бірі қытайдың деректері болып табылады. Өйткені
Қытай байырғы өркениетті мемлекеттердің бірі болғандықтан, оның жазу
мәдениеті ерте дамыған және жазба дерек көздері жүйелі түрде сақталған.
Қытайдың ресми жылнамалық (хронологиялық) деректерінде және бейресми
жазбаларында көшпенділерге қатысты, яғни қазақтың этногенезіне қатысты жазба
мәліметтер көптеп кездеседі.
Қытайда сақталған қазақ тарихына қатысты деректерді үш типке жіктеуге
болады. Олар:
Бірінші, қытайдың ресми және бейресми дерек көздері; екіншісі, қытайда
сақталған соғды, тохар, түркі, ұйғыр жазбалары; үшінші, археологиялық
материалдар.
Қазақ халқының этногенезі ерте замандағы хұн, сақ, үйсін, қаңлы,
аландардан басталып, ортағасырдағы түркілерге ұласып, жаңа бір даму кезеңіне
көтерілген болатын.
Қытайдағы тарихи жазба дерек көздері саналатын көне қолжазбалардың түп-
нұсқаларын салыстырып, саралап жинақ етіп баспадан шығару ісін ҚХР үкіметі
ХХ ғасырдың 50-жылдары қолға алып, 80-жылға дейін ресми жылнамаларды
(хронология) заманауи технологиямен көп томдық жинақ етіп баспадан шығарды.
Бұл жинақтар менің жеке кітапханамда толық сақтаулы. Осы ресми жылнамалық
деректер арасынан қазақ тарихы ғана емес, жалпы көшпенділер тарихын зерттеуге
негіз болатын жүйелі түрде жазылған деректер өте көп. Қытайдың жалпы
жылнамалық жазба дерек жинақтары династиялық кезеңдер бойынша «Жиырма
төрт тарих» немесе «Жиырма алты тарих» деп аталады. Бұл ресми жылнамалық
тарихи жазбалар жинағы әлемге әйгілі. Оны дүниежүзі тарихшылары қытайды зерттеудің негізгі дерек көздері ретінде пайдаланады. Соның ең алғашқысы Сыма
Циян б.з.д. 90-жылы жазған «Ши цзи» ( Shi ji – 史记 – Тарихи жазбалар,
Тарихнама). Осы көлемді еңбектің 110-бума 50-баяны «Хұндар тарауы», 123-бума
63-баяны «Давань – Ферғана тарауы» – деп аталған. Онда Қытайдың Солтүстік
батысын алып жатқан Хұн империя және Орталық Азияда өмір сүріп жатқан
елдер жөнінде аса құнды мәліметтер жазылған. Ал Бан Гу б.з. 70-жылдары жазған
«Хань шу» (Han shu – 汉书 – Хань патшалығы тарихы, Ханьнама) атты екінші
жылнамалық тарихта арнаулы жазылған «Хұндар тарауынан» тыс, 96-бума 66-
баянында «Сиюй» деген арнаулы тарау берілген. Осы бөлімде қытай тарихшысы
Бан Гу «Сиюй» (Xi yu- 西域- Батыс өңір тарауы») тарауында, Орталық Азияда
өмір сүрген халықтарды екі типке жіктеп баяндаған. Мысалы, онда: «Батыс
өңірмен байланыс Хань Уди патша кезінен (б.з.д. 140 ж. –Н.М.) басталды. Олар
алғаш 36 ел еді, кейін-келе бөлшектеніп, 50-ден аса елге айналды. Олардың
барлығы хұндардың батысында, үйсіндердің Оңтүстігінде тұрады. Батыс өңірдегі
халықтардың барлығы жергілікті тұрғындар. Оларда қала-қыстақ, егістік жер мен
малдары бар. Олардың ғұрып-әдеттері хұндар, үйсіндерден өзгеше. Олардың
барлығы хұндарға тәуелді» – деп жазылған. Осыдан кейін жазылған Қытай жыл-
намаларының барлығы Орталық Азияда өмір сүрген ру-тайпалардың этникалық
ерекшеліктеріне тоқталғанда, олардың айырмашылығын хұндармен, үйсіндермен
және ұлы юйежылермен (Yue zhe –月氏– Үлкен Юечжы, Юэчжи) салыстырып
анықтайды. Мысалы, «Ши цзи. Ферғана тарауында»: «Үйсіндер Ферғананың
батыс солтүстігінде 2000 лидей (1 ли – 500 м – шақырым. – Н.М.) жерде тұрады,
көшпенді мелекет. Мал бағып, көшіп-қонып жүреді, әдет-ғұрыптары хұндармен
ұқсас» – делінген. Сондай-ақ осы тарауда «Ұлы юйежылер Ферғананың
батысында екі-үш мың шақырымдай жерде тұрады. Оң жағында Бактрия, сол
жағында –Арсақ, Солтүстігінде – Қаңлы. Көшпенді мемлекет, мал бағы, көшіп-
қонып жүреді, әдет-ғұрыптары хұндармен ұқсас»; «Қаңлы Ферғананың батыс
солтүстігінде 2000 шақырымдай жерге орналасқан, көшпенді мемлекет, әдет-
ғұрыптары ұлы юйежылармен ұқсас»; «Янцай (Аландар) Қаңлының батыс
солтүстігенде 2000 шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет әдет-
ғұрыптары қаңлыларға ұқсас» – деп жазылған. Бұл жерде айтылып отырған «әдет-
ғұрып» тек қана тұрмыстық салт – дағды ғана емес, ол – әлеуметтік тіршілік
формасы мен қоғамдық құрылым жүйесі және дүниетанымын қамтитын кең
мағынадағы ұғым. Міне, осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, белгілі бір қоғамдық
топтың дағдысына айналған әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан- ғасырға
жалғасып отыратын ерекшелігін ескеретін болсақ, онда қазіргі қазақ ұлтының
этногенезінің қайдан бастау алғанын оңай анықтаймыз. Сонымен қатар одан
Қазақ мемлекеттілігінің қай заманнан бастау алғанын да аңғару қиын емес.
Біздің зерттеуімізше, б.з.д. ІІІ ғасырдан б.з. ҮІ ғасырға дейін негізінен қазіргі
Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсін, қаңлы және янцай – алан қатарлы үш
үлкен этникалық топты (әрине, олардың құрамында, сақ–сикифтер мен хұн
тайпалары да бар) қазақ халқының ең алғашқы этногенезінің қайнарлары болып
табылады. Сондай-ақ осы атпен аталған мемлекеттік құрылымдарды
Қазақстандағы ең алғашқы мемлекеттердің басталуы деп айтуға толық негіз бар. Бұл жөніндегі тарихи деректерді «Ши цзи», «Ханьшу» сияқты қытайдың ресми
жылнамаларынан кездестіруге болады. Сол сияқты, тарихы кезеңдерде Қытайдың
Ұлы қорғанның сыртында немесе Қытайдың Солтүстік батысында тарих
сахнасына шыққан қағанаттар мен көшпенді империялар жөнінде жазылған де-
ректерді қытайдың әулеттік (династиялық) жылнамаларынан табуға болады.
Оның нақтылы көрсеткіштерін немесе қытай жылнамаларының қайсы томы,
қайсы беттерінде кімдер туралы жазғанын автордың «Қазақ тарихының өзекті
мәселелері» атты еңбегінің (Павлодар 2010) 180-203-беттерінен көре аласыздар.
Сондықтан бұл арада оларды қайталаудың қажеті жоқ.
Қытай тарихи деректерді жазып қалдырушы әрі сақтаушы мемлекет қана емес,
сонымен қатар тарихи деректерді өзінің әртүрлі кәдесіне жаратуға да зор маңыз
беретін мемлекет. Соңғы жылдары қытайдың көшпенділер тарихын, Орталық Аз-
ия тарихын зерттеуші ғалымдарының сол ресми жылнамалардағы көшпенділерге
арналған «Сиюй» («Xi yu – 西域傳 – Батыс өңір») – деп аталатын тарауларын
деректану ғылымының әдістері бойынша сараптаудан өткізіп, ғылыми
комментарий жасап, сериялды деректер жинағы етіп баспадан шығаруда. Бұл
жинақтардың ерекшеліктері – тарихи жазбалардың шынайлығы мен жалғаны
анықталып, қателіктері көрсетілген. Бұл еңбектер біздің қолдануымызға қолайлы
болып келеді (төменде тізімі берілді).
Қазіргі таңда Қытай тарихшыларының қолынан шығарып жатқан
еңбектерінің ішінде деректік құндылығы жоғары ғылыми зерттеу еңбектер
топтамасы да сериялы түрде жарық көруде. Бұл еңбектерді қытайдың ұзақ
жылдар бойы «Сиюй» (Батыс өңір – Шыңжаң – Орталық Азия) тарихын,
мәдениетін, археологиясын зерттеуші ғалымдар шығаруда, іс жүзінде бұл ол-
ардың ғұмырлық немесе көп жылдық зерттеулерінің қорытындысы іспеттес. Бұл
сияқты жинақтардың бізге пайдасы екеу: біріншіден, ол еңбектер арқылы көп-
теген тың деректік – материалдарға қол жеткіземіз; екіншіден, ол еңбектер
арқылы қытай ғалымдарының тарих зерттеу концепциясын, ұстанған жетекші
идеясын, қолданған методологиясын және одан түйіндеген қорытынды
тұжырымдарымен танысамыз және оны бұрынғысымен салыстыруға мүмкіндік
аламыз. Сондықтан қытайдың жетекші ғалымдарының осындай еңбектерінен де
қазақ тарихына қатысты бағалы материалдарды кездестіреміз (төменде тізімі
беріледі).
Қазіргі кезде Қытайда жарық көріп жатқан археологиялық материалдардан
Қазақстанға, Орталық Азияға қатысты деректік фотоальбомдар жинақтарынан да
қазақ тарихына қатысты мол деректерді көреміз. Қытайдағы археологиялық
мәдени мұраларының бір ерекшелігі – археологиялық жазба деректердің (тас
жазбалары мен мола естелік жазбалары) көптігінде. Қазақтың этногенезін
зерттегенде археологиялық деректер мен жазба құжаттарды ұштастырып
қарастыруға тура келеді. Сондықтан Қытайдың тарихи музейлерінің деректері
мен соңғы жылдардағы жаңа табылған археологиялық мәдени мұралар қамтылған
жинақтарының деректік құндылығы жоғары.
Ендеше, мен 2013 жылы шілденің 15-інен тамыздың 15-іне дейін Қытайда
жүргізілген қазақ тарихына қатысты деректерді іздестіру барысында қол жеткізген, елге алып келген деректердің бір бөлімін төменде таныстырайын.
Бірінші, деректер жинағы:
1.Қытай мәдени мұра зерттеу институты (中国文物研究所, Шынжаң ұйғыр
автономиялы ауданы музейі, Ухан университеті Тан Чанру (бас ред.). Тұрпаннан
шыққан жазба құжаттар (土鲁番出土文物). Пекин: Мәдени мұра баспасы (文物书
版社). 1992. 474 б. Бұл жинаққа Тұрпанда жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстары барысында табылған жазба құжаттардың түпнұсқа факсимилемен
берілген.
2. Чи Чаошань, Ван Бо (祁小山 王博) құрастырған. Жібек жолы: Шынжаңның
ежелгі мәдениеті (丝绸之路。新疆古代文化). –Үрімжі: Шынжаң халық баспасы (
新疆人民书版社). –2008. 304 б. Қытай, ағылшын және жапон тілінде басылған.
Бұл жинаққа қазақтың этногенезі болып саналатын сақ, үйсіндерге қатысты құнды
археологиялық деректер берілген.
3. Тұрпан академиясы (土鲁番学研究院. Тіл жеткен тарих (语言背后的历史
) – классикалық лингвистика конференция материалдары. –Шанхай: Шанхай ескі
кітап баспасы (上海古籍书版社). 2012. 284 б. Бұл жинақта қазақ тарихына
қатысты жаңа деректер жарияланған.
4. Шинь Шихуанди музейі (秦始皇博物馆). Шин Ишхуанди моласындағы
бағалы заттар (秦始皇帝陵珍宝). – Сиань: Шаньси туризм баспасы. -2013. 142 б.
Бұл жинақтықта хұн тарихын зерттеуге пайдалы материалдар бар.
5. Буддизм сарайы (灿烂佛宫). –Ханчжоу: Чжэцзян әдебиет-көркемөнер
баспасы (浙江文艺书版社). – 2013 ж. 2-басылымы. 188-б. Бұл жинақта Қытайдың
Дуньхуан аймағында сақталған «Мың ойық» -үңгірде сақталған буддизмдік
ескерткіштер мен қабырға суреттер жинақталған. Оның ішінде ортағасырда
Қытайға барып сауда жасаған Орта Азиялық саудагерлердің де суреттері
түсірілген. Бұл деректер Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды
зерттеуге негіз болатын құнды материал болып табылады.
6. Гуанлин баспасы (广陵书社). Сун, Юань, Мин, Цин патшалықтары
кезіндегі атақты суреттер айдыны (宋元明清名画大观). 2 томдық. – Нанькин:
Гуанлин баспасы (广陵书社). -2005. 1-210 б, 2 – кітап 212 б. Бұл жинақта
көшпенділер өмірін бейнелеген суреттер бар.
7. У Тяньхэ (吴天合). Сиань Бейлиндегі ұлттық байлық (西安碑林国宝).
Пекин: Қоғамдық ғылымдар құжаттар баспасы (社会科学文献 书版社). – 2010.
206-б. Бұл тас жазбалары жинағында түркі қағанатына қатысты деректер бар.
8. Ван Юйншын (王永生). Монета және Батыс өңір тарихын зерттеу (钱币与
西域历史研究). –Шанхай: Чжонхуа кітап баспасы (中华书局). – 2012. 362-б. Бұл
жинақта Қазақстан және қазақ тарихына қатысты (Шығыс Түркістан
Республикасы үкіметінің қолданған ақшасы сияқты) тың ашқа деректері
қамтылған.
9. Мемлекеттік мәдени мұра басқармасы (国家文物局). 2012 жылғы
Қытайдың маңызды археологиялық жаңалықтары (2012 年中国重要考古发现). Пекин: Мәдени мұра баспасы. – 2013. 182-б. Бұл жинақта Шынжаңның
Қазақстанмен шекаралас жатқан Арасан (Бұратала облысы) және Буыршын
(Алтай аймағы) аудандарынан қазылып алынған жаңа археологиялық мәдени
мұралар жарияланған.
10. Ван Чжигуан (王继光). Чэн Чынның Батыс өңір деректері жөнінде
анықтама – комментарийлер (陈诚西域资料校注). – Үрімжі: Шынжаң халық
баспасы. – 2012. 174-б. Бұл деректер жинағында ХІҮ ғасырдағы Орталық Азия
тарихын және Орталық Азия мен Қытай қарым-қатынастарын зерттеуге қажетті
мәліметтер топтастырырылған.
11. Гуанлин баспасы(广陵书社). Қытай патшалықтары дәуірінде шекарада
өмір сүрген варварлар деректері (中国历代边裔典). – Нанькин: Гуанлин баспасы (
广陵书社). – 2011. 3 томдық жинақ, 1246-б. Бұл жинаққа қытай тарихындағы
әрбір патшалықтар кезінде Орталық Азия, Батыс Азия, Еуропа, Африка, Үнді
жарты аралындағы елдер жөнінде жазылған қыруар мәлімет-деректер
жинақталған. Соның ішінде қазақ халқының арғы тегінен ұлт болып қалыптасу
тарихына қатысты мол деректер жүйелі түрде енгізілген.
12. Юй Тайшань (余太山). Екі Хань, Вей, Чжин, Оңтүс-Солтүстік
патшалықтарының ресми жылнамаларындағы Сиюй (Батыс өңір) тарауларын
зерттеу (两汉魏晋南北朝正史西域傳研究). –Пекин: Шануы кітап баспасы (商务印
书馆). -2013. 2 томдық 666-б. Бұл еңбекте қазақтың этногенезі мен ерте замандағы
тарихын зерттеуге қажетті бірінші қол деректер жинақталған.
13. Рон Синчжиян (荣新江 Бас ред.). Тұрпаннан жаңа табылған құжаттар
жөнінде зерттеулер жинағы (新获土鲁番出土文献研究论集). – Пекин: Чжэнминь
университеті баспасы (人民大学书版社). -2010. 530 б. Бұл жинаққа Орта
ғасырдағы Тұрпан өңіріндегі тарихи мәдениетті зерттеуге негіз болатын деректер
топтастырылған.
14. Лию Иншун (刘迎胜). Мұсылманша құжаттар аудармасы туралы зерттеу (
回回馆杂子 与回回馆译语研究). – Пекин: Чжэнминь университеті баспасы. –
2008. 612 б. Бұл парсы тіліндегі құжаттардың қытай тіліне аудармасы жөнінде
терең зерттеудің қорытындысы. Бұл дерек ХІҮ-ХҮІ ғасырдағы қытай мен парсы
байланыстарын зерттеуге негіз болатын құжаттар болып табылады.
15. Дон Чжэциян (懂志翘). Ұлы Тан патшалығы Батыс өңір тарауының
аудармасы мен комментарийлері (懂志翘译注. 大唐西域记). –Пекин: Чжонхуа
кітап баспасы (中华书局). -2012. 762 б. Мұнда Тан империясы (618-907)
тұсындағы түркі және басқа да елдер туралы жазылған ресми жылнамадағы
деректерді қазіргі қытай тіліне аударып, ғылыми комментарий берген. Бұл
деректер қазақ халқының даму процесін, түркі тарихын зерттеуге өте құнды
болып табылады.
16. Ян Чэнмин (杨圣敏感). «Билік ғибратнамасындағы» түрік, ұйғырларға
қатысты деректерге анықтамалық комментарийлер («资治通鉴»突厥回纥史料校注
). – Пекин: Қоғамдық ғылымдар құжаттар баспасы. – 2012. 420-б. Бұл жинақта Түркі және көне ұйғыр тарихын зерттеуге негіз болатын құнды деректер
топтастырылған.
17. Фэн Чжвен, У Пинпань (冯志文 吴平凡. Ұйғыр жылнамалары (回鶻史编
年). –Үрімжі: Шынжаң университеті баспасы (新疆大学书版社). – 1992. 348-б.
Бұл еңбекке көне ұйғырлар туралы жазылған қытай деректерін жылнамалық
тәртіп бойынша реттеп құрастырған. Олар Орта ғасырдағы түрік және ұйғырлар
тарихын зерттеуге өте пайдалы деректер болып саналады.
18. У Юйгуй (吴玉贵). Түрік екінші қағанаты жөніндегі қытай деректеріне
жылнамалық анықтаулар (突厥第二汗国汉文史料编年辑考). – Пекин: Чжонхуа
баспасы (中华书局). – 2009. 3 томдық, 1403-б. Бұл 3 томдық жинақ – қытай
жылнамаларда жазылған Шығыс түрік қағанаты жөніндегі деректерді жан-жақты
жинап, оны бұрынғы ғалымдардың шығарған жинақтарымен салыстырып,
қателерін түзетіп, кем жерлерін толықтырып, ғылыми коммантарий берген
академиялық деректер жинағы. Бұл түркі қағанаты тарихын зерттеуге аса қажетті
құнды деректер жинағы болып табылады.
19. Чжон Чэньчи, Ван Хао, Хань Хуэй (钟兴麒 王蒙 韩 慧. Батыс өңір карта
деректері туралы анықтамалық комментарийлер (西域图志校注). – Үрімжі:
Шынжаң халық баспасы. – 2002. 610-б. Бұл қолжазба 1782 жылы жазылған. Онда
ХVІІІ ғасырдағы Цин империясының түсірген карталар және оған қатысты
деректер, Шығыс Түркістанның географиясы, ұйғырлар жөнінде, қазақтың Ұлы
жүзі мен Орта жүзі туралы, жоңғарлар, қырғыздар, өзбектерге қатысты жазылған
деректер топтастырылған. Бұл жинақ ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихын зерттеуге,
қазақ-қытай қарым-қатынастарын зерттеуге, Орталық Азия тархын зерттеуде
пайдалануға тиісті аса құнды дерек болып табылады.
20. Ли Дэлун (李德龙 Бас ред.). Шынжаңның төрт аймақ деректері (新疆四道
志). – Пекин: Орталық ұлттар университеті баспасы(中央民族大学书版社). – 2010.
526-б. Бұл жинаққа Цин империясы кезіндегі Шынжаңның төрт аймағының
географиялық жағдайы жөнінде жазылған деректердің қолжазбасы түпнұсқаның
факсмилесімен топтастырылған. Онда Қазақстан мен Қытай шекара
қарауылдарының орны және қазақтардың қоныстанған аудандары жөнінде
жазылған деректер біз үшін өте маңызды болып табылады.
21. Ли Чжэчэн (李之勤). Сиюй (Батыс өңір) тарихи географиясы жөніндегі
үш деректің анытқтамалық комментарийлері (西域史地三种资料校注). – Үрімжі:
Шынжаң халық баспасы. -2012. 438-б. Бұл жинақта «Батыс өңір жері мен
тұлғалары», «Батыс өңірдің жері мен тұлғаларының суреттері», «Оңтүстік
шекараны делитациялау күнделік суреттер» және «Шынжаң карта деректері:
Мемлекеттік шекара деректері» және «Шынжаң карта деректері: дипломатиялық
айтыс-тартыстар деректері» сияқты өте маңызды деректер топтастырылып оған
комментарийлер берілген. Бұл құжаттар ХІХ ғасырдағы Қазақстан мен Қытай
арасында мемлекеттік шекараның қалыптасуын және басқа да саяси мәселелерді
анықтауға негіз болатын аса құнды деректер болып табылады.
Екінші, деректік құндылығы жоғары зерттеу еңбектер:22. Юй Тайшань (余太山 Бас ред.). Батыс өңірдің тұтас тарихы (西域通史). —
Чжэньчжоу: Чжончжоу байырғы кітап баспасы (中州古籍书版社). – 2006 жылғы
екінші басылымы. – 514-б. Бұл еңбекте қытайлардың «Сиюй» – (Батыс өңір) – деп
аталатын қазіргі Шынжаң мен Орталық Азия кеңістігінің тас дәуірінен 1884 жылы
Шығыс Түркістанда Шынжаң провинциясы құрылғанға дейінгі тарихын жалпы
беттік зерттелген. Еңбек алғы сөз, он тараудан және қосымша карталар мен
жылнама көрсеткіштерден тұрады. Бұл еңбекте қолданған деректер мен
карталардың біз үшін пайдалану құндылығы жоғары. Сондай-ақ одан қытай
тарихшыларының зерттеу концепциясы мен қорытынды тұжырымдарын білуге
болады.
23. Ван Бинхуа(王炳华. Сиюй (Батыс өңір) археологиялық тарихи
зерттеулер жинағы (西域考古历史论集). –Пекин: Чжэнминь университеті баспасы
(人民大学书版社). – 2008. 800-б. Бұл жинаққа қытайдың белгілі археолог
тарихшысы Ван Бинхуаның ең маңызды ғылыми еңбектері топтастырылған. Ол
еңбектердің біразы қазақтың этногенезіне тікелей қатысты деректер. Әсіресе,
автордың үйсін тарихы жөнінде зерттеулері қазақ халқының арғы тегін анықтауда
құнды деректер болып табылады.
24. Ван Бинхуа(王炳华). Сиюйдегі (Батыс өңірдегі) археологиялық мәдени
мұралар (西域考古文存). – Ланьчжоу: Ланьчжоу университеті баспасы. – 2012
жылғы екінші басылымы. 532-б. Бұл жинаққа қазіргі Шынжаң өлкесінен табылған
археологиялық мәдени мұралардың үлгілері көптеп берілген. Оның ішінде
қазақтың этногенезі саналатын сақтар мен үйсіндердің мәдени мұралары да
енгізілген. Бұл біздің пайдалануға тиісті бірінші қол деректер болып табылады.
25. Чжоу вейчжоу (周伟州). Сиюй (Батыс өңір) тарихи географиясы жөнінде
зерттеулер жинағы (西域史地论集). – Ланьчжоу: Ланьчжоу университеті баспасы.
– 2012. 440-б. Бұл жинаққа автордың тарихи экономикалық зерттеулері мен
ұлттар тарихы жөніндегі зерттеулері топтастырылған. Оның ішінде ұйғырлардың
этногенезі, ойрат рулары мен таяу замандағы Шынжаңдағы моңғолдар, қазақтар,
қырғыздар мен тәжіктер жөнінде зерттеулерінде пайдалануға тұратын деректер
бар.
26. Би Бо (毕 波). Орта ғасырдағы қытайдағы Соғдылар (中古中国的粟特胡人
). – Пекин: Чжэминь университеті баспасы. -2011. 215-б. Бұл еңбекте
соғдылардың қытайға баруы және жергілікті қоғамдық өмірі және олардың
қытайлану процесі зерттелген. Онда Орталық Азия мен Қытай арасындағы
байланыстарды зерттеуге негіз болатын құнды деректер көп.
27. Ван Цзэчжин (王子今). Цинь Хань патшалықтары шекарасы және ұлттар
мәселесі (秦汉边疆与民族问题). – Пекин: Чжэминь университеті баспасы. -2011.
534-б. Бұл еңбектер қытайдың алғашқы феодалдық біртұтас мемлекеті Цинь және
Хань империяларының Ұлы қорған сыртындағы көшпенділер – хұндармен қарым-
қатынастарын қарастырады. Әсіресе оның хұндардың экономикалық тұрмысы
және Қытайдың Батыс өңірмен қатынастарына жасаған ізденістерінің біз үшін
деректік құндылықтары жоғары деп санаймын.28. Ма Чжань (马健). Хұндардың жерлеу салтына археологиялық талдау –
Еуроазия даласының шығысындағы мәдени алмасулар жөнінде (匈奴葬仪的考古
学探索 –兼论欧亚草原东部文化交流). – Ланьчжоу: Ланьчжоу университеті
баспасы. – 2011. 365-б. Бұл еңбекте мол археологиялық материалдар мен жазба
деректер негізінде хұндардың жерлеу салты арқылы олардың дүниетанымына
жан-жақты талдау жасалған. Онда қолданылған археологиялық материалдар мен
ғылыми зерттеу нәтижелері біздердің хұн тарихын зерттеуге таптырмас бағалы
материал болып табылады.
29. Хуа Чжэ (华喆). Иньшань тауында зуылдаған садақтар – Хұндардың
Солтүстік сахарада көркеюі мен құлдырауы (阴山鸣镝 – 匈奴在北方草原上的盛衰
). – Ланьчжоу: Ланьчжоу университеті баспасы. – 2011. 242-б. Бұл еңбек,
хұндардың көркейіп, дәурендеуі мен құлдырап жойылуын жүйелі зерттеуімен
құнды.
30. Линь Гань (林幹). Хұн тарихы (匈奴史). Кокхот: Ішкі моңғол халық
баспасы(内蒙人民书版社). – 2008 жылғы екінші реткі басылымы. 306-б. Бұл еңбек
автордың ғұмыр бойы зерттеуінің соңғы нәтижесі. Біздің хұн тарихын
зерттеуімізге өте пайдалы еңбек болып табылады.
31. Чжан Чжинкуй (张金奎). Өшкен империя – Хұн империясы (消失的帝国 –
匈奴帝国). – Пекин: Қытай халықаралық радио баспасы (中国国际广播 书版社). –
2013. 298-б. Бұл еңбекте хұндардың тұтас тарихы жазылған. Онда б.з.д. бір
мыңжылдықтағы хұндардың этногезінен бастап, б.з. V ғасырға дейінгі, яғни
Атилланың ғұмырының соңына дейінгі хұндар тарихы пайымдалған. Біз үшін
оның деректік және ғылыми танымдық құндылығы жоғары.
32. Савада Исао (Sawada Isao). Хұн ерте замандағы көшпенді мемлекеттің
дәуірлеуі мен жойылуы (匈奴古代游牧国家的兴亡). Кокхот: Ішкі моңғол халық
баспасы. -2011. 238-б. Жапондық тарихшының бұл еңбегі Жапонияда «Шығыстың
таңдамалы кітабы» болып белгіленген, ғылыми құндылығы жоғары, пайдалануға
тұратын еңбектердің бірі.
33. Юй Тайшань (余太山). Эпталиттер тарихын зерттеу (厭噠史研究). –
Пекин: Шануы кітап баспасы (商务印书馆). -2012. 312-б. Бұл еңбек қазақтың
этногенезіне қатысты эпталиттер тарихын жүйелі түрде терең зерттеуімен құнды
болып саналады.
34. Гуй Баоли (桂宝丽). Кэса түріктері (可萨突厥). – Ланьчжоу: Ланьчжоу
университеті баспасы. – 138-б. Бұл еңбек, қазақ атауының шығуына тікелей
қатысты болған түрік тайпасы Кэсаны (кэса –қаса –қазақ) зерттеуімен құнды.
Онда қамтылған қытай жазба деректері қазақ этногенезін зерттеуге негіз болатын
жазба материалдар.
35. Линь Гань (林幹). Түрік және ұйғыр тарихы (突厥与回纥史). – Кокхот:
Ішкі моңғол халық баспасы. – 2007. 500-б. Бұл еңбектің түркі қағанатын және
ұйғыр қағанаты тарихын зерттеуге деректік құндылығы бар.
36. Чжан Вендэ (张文德). Тарту, ұсыну және кіріптар болу – Мин патшалығы
кезінде Қытайға келген батыс өңірлік адамдарды зерттеу (朝贡与入附 – 明代西域人来华研究). – Ланьчжоу: Ланьчжоу университеті баспасы. – 2013. 276-б. Бұл
еңбек Мин патшалығы кезінде (1368-1644) Орталық Азия мен қытай арасындағы
сауда байланыстарын және Темір әулетін зерттеген. Аталмыш еңбекте Қытай мен
Орталық Азия қатынастарын зерттеуге негіз болатын деректер мол.
37. Дин Дубин (丁笃本). Орталық Азияға жасалған экспедициялар тарихы中
亚探险史). –Үрімжі: Шынжаң халық баспасы. -2009. 522-б. Бұл еңбекте б.з.д. бір
мыңжылдықтан б.з. ХІХ ғасырына дейін Орталық Азияға (кең мағынадағы
Орталық Азияға) экспедиция жасағандарды және олардың еңбектері кеңінен
таныстырылған. Мұндағы деректерді қазақ тарихын, Орталық Азия тарихын
зерттеуде пайдалануға тұрады.
enu.kz



