Автор: admin

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қазақ даласында Ресейдің саяси партияларының филиалдары ашыла бастады. 1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында «Кадет», «Народная свобода», «Социал демократтар» және т.б. партиялар ресми түрде тіркеліп, өздерінің үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған. Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларын да шарпып, патшаға қарсы ереуілдер мен шерулер Орал, Перовск, Ақтөбе, Петропавл, және т.б. қалалардағы өнеркәсіп орындарында, теміржол жұмысшылары арасында жиі болып отырды. Міне, осындай кезде мем­лекеттік Ду­маға сайлау болатыны туралы заң шыққаны қазақ арасына да жетеді. Өздерін теңгермей, жартыкеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігінен орын бермегі қазаққа жақсы жаңалық әкелген хабар…

Read More

2014 оқу жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен құрамаларында «Қуатты Батыс – қуатты Құрлық әскерлері» деген ұранмен өтті. Жеке құрамның тактикалық оқу-жаттығуларға, оқу-әдістемелік жиындарына қатысуы жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери тәртіпті нығайту, кәсіби деңгейді көтеру жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ете алды. Қызмет барысының жалпы рейтингі бойынша жауынгерлік сайыста айтарлықтай нәтиже көрсеткен әскери бөлімдер айқындалды. Олардың қатарында подполковник Е. Толықбаев басқаратын 25744, подполковник Д. Қашқымбаев басқаратын 30238 және майор У. Нұрғазиев басқаратын 41433 әскери бөлімдері бар. Сонымен қатар, 2014 оқу жылында қызметтік міндеттері, үлгілі әскери тәртібі мен жоғары нәтижелері үшін бірқатар әскери қызметшілер «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрығымен көтермеленді. Жылды қорытындылаған…

Read More

Кешелі-бүгін Сырдария суы көтеріліп, Қызылорда облысындағы Шиелі ауданына қарасты Ботабай ауылына баратын каналдан елді мекен шетіне су кірген. Ботабай ауылы тұрғындары «Сырдария суының 17 желтоқсаннан бастап көтеріле бастағанын» айтады. Аймақтағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Сырдариядан Ботабай ауылына тартылған арнаның бөгеті жырылып, жайылған су ауыл шетіндегі үйлердің ауласына кірген. Кеше ауласын су алған тұрғындар туыстарының үйлеріне көшірілген. Азаттық тілшісі ауыл тұрғындарының «жергілікті басшылардың төтенше жағдайды жою жұмыстарына көңілдері толмай отырғанын» айтқандарын хабарлады. Тұрғындар «шенеуніктер алдын-ала әрекет жасағанда, мұндай жағдай болмас еді» деген. Ал Қызыорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Айгүл Нұрманова Азаттық тілшісіне: — Сырдария суы көтерілді. Онда қазір дамбыларды бекіту…

Read More