Автор: admin

Өзбекстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Қазірге дейін сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген. Жергілікті заң бойынша, сайлаушылардың 33 пайызы дауыс берген жағдайда сайлау өтті деп саналады. Өзбекстан парламентінің төменгі палатасындағы 135 орынға 500-ден астам кандидат түскен. Олар сайлауға төрт партия — Либерал-демократиялық партия, Халықтық-демократиялық партия, «Ұлттық өркендеу» және «Әділет» партияларының атынан қатысып жатыр. Сайлауды 300-ден астам шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар өкілдері бақылап отыр. Өзбекстан парламентінің мұнын алдындағы сайлауы 2009 жылы өткен еді. Ол жолы ең көп орынды Либерал-демократиялық партия өкілдері иеленген. azattyq.org

Read More

  18 желтоқсан Алматы қаласындағы Эсперензаның салтанатты сарайында ақын Ләззат Игісіннің «Сол бір дәурен» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында «Менің ойымша» атты кітабының тұсаукесері болды. Ақындар Серік Қапшықбай, Иран Ғайып, Жәркен Бөдеш, жазушы Қабдеш Жұмаділов, алғашқы ұстазы Қадишав апай, журналист Жаңыл Әпетова ханым жаңа кітаптың лентасын қиып, оқырманға ұсынды. Иран Ғайып мырзаның оқыған өлеңі залды сілтідей тындырды. Алыстан ат басын бұрып, Атамекенге қоныстанған қандастарына жүрекжарды сөзін жеткізді. Л. Игісіннің шығармашылығы туралы Д. Байтұрсынұлы қысқаша баяндама жасады. Сөз алған К. Елемес, Ж. Табын, Н. Мұхаметхан секілді аузы дуалы ағайындар ойға қонымды, орынды пікірлерімен есте қалды. Ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.…

Read More

Магниттік жасуша «Адамдар неге тез қартаяды?»деген сұраққа «Ол табиғи құбылыс ғои «деп жеңіл жауап бере саламыз.Ал шын мәнінде бұл сұрақ адамзатты ғасырлар бойы толғандырып келеді.Біреулер адам ағзасын жасартатын элексир,таблеткалар,уколдар оилап тапса,енді бірі крионикалық әдістерді ұсынуда. Ал мен қартаюды тежеитін қарапайым әдісті оилап таптым.Әрине ол ұзақ жылғы зерттеудің нәтижесінде пайда болды.Бұл тәсіл ешқандай таблетка,злексир ішуді,укол салуды қажет етпеиді.Жүике жүиесіндегі нейрондар мен гипофиз,эпифиз бездерінде магниттік клеткалар бар. Магниттік клеткалар екіге бөлінеді.Бірі мейрімді екіншісі ызалы.Санаға сырттан қандай информация түссе клеткалар сондай гормондар бөледі.Яғни адам қуанышты информацияны көп алса мейрімді клеткалар пайдалы гормондарды көп бөледі. Пайдалы гормондар организімді қуаттандырып, жасартады, жігер береді. Жігерлі адам…

Read More