BAQ.KZ — «Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады», – деп дана халқымыз айтпақшы, Алматы облысының, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан ашық аспан астындағы Таңбалы Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен. Таңбалы археологиялық кешені жоғалып кеткен дала өркениетінің ерекше куәгері, қоршаған ортаға бейімделудің төтенше жоғарғы деңгейі, табиғатпен үндесу және табиғи ландшафты экологиялық заласыз пайдалану оның маңызды сипаттық белгісі болып табылады. Мұнда республикалық маңызы бар ескерткіштер саны, 100-ге жуық. Атап айтқанда, шатқал іші археологиялық қорғандар, қорымдар мен қоныстарды құрайды. Ашық аспан…
Автор: admin
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы 22 желтоқсанға Қазақстан Президентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оның барысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі. 23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болады. 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр. akorda.kz
Дәл бүгінгі күннің маңызын шеттегі қандастарымызда сезініп, қадір-қасиетін ұғынуда. Олар атажұрттан жырақта жүрсе де, туған жердегі барлық іс-шарадан хабардар. Ресейдегі қандастарымыз өздерінің ақ тілектерін жолдаған екен. Іштей қуанып қалдық. Ержан Жұмабаев: «Шоқан жолы» қазақ дәстүрін жаңғырту қоғамының басшысы. Тәуелсіздік деген ұғым – бұл мемлекет үшін ең басты мереке деп білемін. 1991 жылы бүкіл ел болып толқыған сәттер де есімде. Біз Ресейде тұрсақ та жанымыз, рухымыз қазақ. Қазақстандағы кез-келген іске алаңдап отырамыз. Бірақ бүгінгі тәуелсіз елдің жеткен жетістігіне біз мына жақта отырып қуанып отырамыз. Біз енді бизнесімізді халықаралық дәрежеге көтере аламыз. Өйткені бауырлас елдердің арасында қазір сауда болсын, басқа да…

