Елбасы шараға қатысушыларға арнаған сөзінде тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекеттік күзет қызметі құрылғанын айтты. – Сіздер тәуелсіздікті нығайтуға атсалысасыздар, мемлекеттік механизмнің тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, қауіп-қатерлерге қарсы тұрасыздар. Сіздердің қызметтеріңізді, бәлкім, бүкіл халық көрмейтін болар, бірақ сіздер жауапкершілік ауқымы зор жұмыс атқарасыздар. Қызметті лайықты атқару үшін тәртіп, үлкен машық пен жоғары моральдық дайындық қажет. Өздеріңізге жүктелген сенімді абыроймен ақтайтындарыңызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қазақстандықтардың 23 жыл бұрын тарихта бірінші рет бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Мемлекет басшысын сайлағанына тоқталды. – Бүкілхалықтық сенімге арқа сүйей отырып, мен 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігін жарияладым. Сол себепті де Тұңғыш…
Автор: admin
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында орын алған лаңкестік оқиғаның салдарынан кемі 15 адам қаза тауып, тағы 14-і түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды BBC News. Қанды оқиға жұма күні орын алған деп жазады Синьуа агенттігі. Дереккөздің мәліметінше, көз жұмғандардың 11-і лаңкестердің өзі. Олар көшеге шығып, тамақ сатылатын дүңгіршіктерге қарай жарылғыш заттар лақтырған. Сондай-ақ, алдынан шыққан адамдарды пышақтай беріпті. Айта кету керек, соңғы кезде Шыңжаңда жергілікті ұйғырлар мен ұытайлықтар арасындағы жағдай ушығып барады. Биылдың өзінде мұнда ұйғыр сепаратистерінің қатысуымен бірнеше лаңкестік оқиға тіркеліп, ондаған адам қаза тапты. baq.kz
Балқаш қаласындамыз, біраздан «Ер Жәнібек батыр» бабамыздың 300 жылдық мерейтойына арналған конференция басталады. Соңынан ас беріледі, спорт жарыстары өткізіледі… Murtaza Jünüsulu facebook парақшасыынан алынды.

