Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл ел болып атап өтуге шақырды. «Жақында ғана Үкімет қаулысы қабылданды. Оған сәйкес осы іс-шараны өткізу үшін республикалық комиссия құрылды. Оның төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары, құрамына президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, министр, Жамбыл облысының әкімі, министрлердің, облыс әкімдерінің орынбасарлары енді» деді. Кеше сол омиссияның алғашқы отырыс өтіп. Мерейтойға қатысты іс-шаралар жоспары тағы пысықталды. «Бұл мерекені бүкіл қазақстандықтар болып атап өтуіміз керек. Мемлекеттің қалыптасуы сол кезден басталатынын нықтап, оның қазаққа ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне қатысты екенін паш етуге тиіспіз» деді, Сапарбаев. Үкімет басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақ хандығының…
Автор: admin
ҚазТАГ – Күй орындау мәдениеті мен киіз үй тігу машығы адамзаттың материалдық емес мұрасының тізіміне енді, деп хабарлады Біріккен ұлттар ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) бөлімінің баспасөз қызметінен. «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитет адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне он жаңа элемент енгізді, оның ішінде «Қазақтың дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері (Қазақстан)», «Қырғыз және қазақ киіз үйлерін (түркі көшпенді халықтарының)дайындаудың дәстүрлі білімі мен машығы» (Қазақстан, Қырғызстан)», — делінген Ұйым сайтындағы хабарда. Сондай-ақ материалдық емес мұра тізіміне Хиос аралында (Греция) шайыр ағашын өсіруге қатысты білім мен ептілік; Пенжаб штатындағы (Үндістан) Джандиала Гуру қаласындағы тхатхера атты қоғам…
Барар ең отаныңда ауылың жоқ… Бір досың ауылына жүр демейді, Жүрсең де сырласы боп бірге мейлі. Барар ең отаныңда ауылың жоқ… Көңілің қалай ғана кірлемейді?! Өзгерген ел мінезі мүлдем бүгін, Бір ағаң көрсетпейді білгендігін. Айтады мақтанышпен саған келіп, Ауылына барып ойнап-күлгендігін… Толтырып уайымға уысыңды, Сағыныш бүлк еткізіп қу ішіңді. Ойлайсың шекарадан шетте қалған, Ауылың ағайын мен туысыңды… Дегенмен отанында жүрсің күліп, Күндер бар кететұғын күрсіндіріп. Сен кеше туған жерге хош айтқасың, Көзіңнің жасын сүртіп, бір сіңбіріп… Отан бар, отаныңда, қаладасың, Кірпіш боп қажетіне қаланасың. Қыраның ауылды аңсар бірақ кейде, Жаныңның мекендеген жаламасын. Бір досың ауылына жүр демейді, Жүрсең де сырласы…

