Италия полициясы елдің солтүстігіндегі Брианцаның түбінде әйгілі Ндрангета (қате жоқ, рас осылай жазылады) мафиясының қатарына адам алып, ант қабылдату рәсімін жасырын камераға түсіріп алыпты. Кино емес, шын мафиядағы бұл рәсім кезінде қабылданушы мен қабылдаушы арасында нақты қандай диалог болатынын төменде тәптіштеп жазып отырмын, жас жазушы достарым болашақ романдарында деталь етіп пайдаланар;) — Жеті ұрпағыма дейін киелі қоғам санайтын қылмыстық ұйымға барымды салуға ант етем. Жұлдыз жарығының, ай нұрының астында киелі алқаға қосылам. — Бұл сәттен бастап ешкім саған сот емес, өзіңе өзің сотсың. Қателік жасасаң, я у ішіп өлесің, я атылып өлесің. Қаруыңдағы бір оқты үнемі осыған сақта. Қалған қызық мұнда:…
Автор: admin
kaznpu.nci.kz Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін–сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты — Әбілмансұр. 1711…
Шежіре — Қаракерей — Байжігіт руы Ататегімізді білу Қазақтың мәдени мұрасы. Атамыздан қалған жұрнақты жоғалтпай, ұқыптап жадымызда сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тоғыз таңбалы Найманның бір таңбасы саналатын Қаракерей атасы Найман ішінде ең көп тараған ата. Сондықтан Найманның бұл атасының шежіресі неше том болатынын күні бұрын айту қиын. Әзірше Байжігіттің Мәмбет атасынан бастап отырмыз. Қаракерейдің атын әйгілі еткен, құдіретті Қабанбай батыр шыққан Байжігіт атасының ұрпағын, бүкіл Қазақ сыйлап, әрқашан, алғашқы табақты тартып, таңдаулы үйдің төріне шығарған. Атамыздың сол дәстүрінен біз де аса алмай, ҚАРАКЕРЕЙ ШЕЖІРЕСІН Байжігіттен бастадық. «Алаш айнасы» интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен…

