Тарихта тұңғыш рет ғарыш аппараты – «Фила» модулі кометаға қонды. Үлкендігі кіржуғыш мәшинедей, салмағы 100 килограмдай болатын модуль «Розетта» зондынан ажырап, 67Р кометасына қонған. Еуропа ғарыш агенттігі мамандары «Розетта» зонды кометамен қатарласу үшін ғарышта 10 жылдай уақыт 6,5 миллиард километр жүргенін айтады. Комета шаң мен мұздан тұрады. Күнге қарай жылжып бара жатқан аспан денесінің бетіне қонған «Фила» ақпарат жинаумен айналысады. http://www.azattyq.org/media/video/26689313.html azattyq.org
Автор: admin
Әулетіміздің ұйытқысы, көненің көзі, бүгіннің абызы, шежіреші атамыз Орынбайұлы Қатран 77-ге қараған жасында Баян-Өлгейде қарашаның 10 күні бақилық болды. Атамыздың иманы жолдас, топрағы торқа болсын! Орынбайұлы Қатран 1937 – жылы Баян-Өлгий аймағы Бұлғын сұмынының Лақшын деген жерінде дүниеге келген. 1956 – жылы орта мектеп бітіріп, 1961 – жылы Улаанбаатардағы Ауылшаруашылық иниститутын (ХАИС) зоотехника мамандығы бойынша тамамдаған. Мал маманы, қазақтың жергілікті тегене құйрық қойының биологиялық ерекшеліктерін зерттейтін модика жасап, ұзақ жылдар бойы жасаған зерттеулерінің нәтижесінде «Керей тұқымының қойы» атты ғылыми еңбек жазды. Сол еңбегімен 1998 жылы Моңғол елінде қазақ қойын бөлек тұқым болғызып бекіттіріп, «Керей тұқымының қойы» деген ат беріп, Керей…
17-қарашада футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 жарысының іріктеу ойындары аясында Түркия құрамасымен ойнайды. «А» тобында ойнайтын екі команда осы уақытқа дейін үш ойын өткізіп, әзірге 1 ұпайдан еншілеген. Іріктеу кезеңінде «А» тобында ойнайтын еліміздің футболшылары соңғы 6-шы орында, ал Түркия құрамасы 5-ші орында. Ал, «А» тобын әлі жеңіліп көрмеген Исландия (1-ші орын ) мен Чехия құрамасы (2-ші орын) бастап тұр. Үш кездесуде 3 ұпай иемденген Нидерланд футболшылары 3-ші, Латвия құрамасы 4-ші орында (2 ұпай). Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының футболшылары Латвия құрамасын өз алаңында қабылдап, 0:0 есебімен тең түскен. Ал, Нидерланд футболшыларына 3:1, Чехия құрамасына 2:4 есебімен ұтылған.…

