Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының кездесуі жемісті болғанын, оның қорытындысы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылғанын атап өтті. — Олар Достастық аясындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамыту үшін жақсы негіз қалайды. Қазақстан 2015 жылы ТМД-ның барлық жарғылық органдарында төрағалық ету міндетін қабылдай отырып, Кеңестің келесі отырысына дайындалатын болады. Біз оны Астанада өткізуге келістік. Қазақстан ТМД-ны бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдерді біріктіретін бірегей саяси алаң ретінде қарастырады. Осы секілді басқа ұйым біздің өңірде жоқ. Бұл – туындаған мәселелерді шешу, пікірталастар өткізу және пікір алмасу үшін жақсы алаң. Біз де төрағалық кезінде Достастықтың әлеуетін аша түсуге ұмтылатын боламыз, — деді Қазақстан Президенті, Мемлекет басшысы біздің еліміз…
Автор: admin
Шежіре — Жетіру Жетіру – қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. 7 рудан тұрады: 1. Жағалбайлы 2. Кердері 3. Керейіт 4. Табын 5. Тама 6. Телеу 7. Рамадан «Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады. Тарихшылар Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (телеу, рамадан, тама, табын, кердері, керейт, жағалбайлы) бірлестігімен байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты зерттеулерде…
SanjarKerimbai 2012 жылғы көктемде басына қиын күн туып, Сәкен есімді туысым іздеп келді. Ол құжаттан кеткен қателіктің құрбаны болыпты. Бір мәселеге орай іс қозғалғанда, қағазда аты-жөні жазылып, құрыққа түседі. Біздің «әділ» сот жүйесі оны аямайтыны анық еді. Ең кемі 6 жылға анық сотталады. Ол депрессияға түсудің аз-ақ алдында тұрды. Жасы 30-дан енді асқан жігіт. Алтын асықтай 3 қызы мен ақылды келіншегі бар. Өзі тұратын шағын қаланың құрметті азаматы. Ауылының мақтанышы. Ұжымына абыройлы, сауатты маман. Мына көлденең қырсық оның осынша адал еңбекпен жиған абыройын жойғалы тұр. Біз бірнеше күн мән-жайды талқылап жүрдік. Ол барынша сабырлы болуғы тырысты. Сонда да түнде…

