АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай алады. Бұл туралы осы аптада АҚШ-тың Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Ворк мәлімдеді. Негізінен, бұған дейін де осындай қатты мәлімдемелер жасалған, алайда бұл жолғысы халықаралық құжаттармен бекітіліп, әлемнің үрейін алып отыр. Өткен аптада ғана АҚШ президенті Барак Обама НАТО-ға мүше мемлекеттер мен Ресей арасында әскери қақтығыстың орын алу мүмкіндігін жоққа шығарып, мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ бұл бағыттағы Американың мәлімдемесі істегісіне мүлде сай болмай шығып жатыр. Сондықтан соңғы кездері ғаламторда “АҚШ пен Ресей ашық кетіседі” деген үрей туғызар дабыра әңгімеге негіз жоқ деп айтуға келмес” деп жазады Дни. ру порталы. Мәселен, Балтық жағалауына АҚШ әскерінің келіп,…
Автор: admin
Қымбатты отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады. Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды. Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Жаратушымыз…
Авторы: Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын Расында осы біздің қазекең неге Шыңғысханшыл? Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уалиханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мағжан Жұмабай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Ермұхан Бекмаханов, Манаш Қозыбаев қатарлы ұлы тұлғаларымыз; қазіргі Марал Ысқақбайұлы, Бексұлтан Нұржекеұлы, Мұхтар Мағауин, Қойшығара Салғараұлы, Ораз Исмайыл, Ибраһим Мұрат, Әнес Сарай, Қалибек Даняров, Уалихан Қалижанов, Қайрат Зәкәриянов, Әміре Арын, Хасен Қожа-Ахмет, Асқар Селеубай, Мәлік Кішібай, т.б. көптеген ұлылы-кішілі азаматтарымыз осы Шыңғысхан үшін алтын уақытын арнауда. Тіпті сол тақырып үшін ғазез жанын қиған бабаларымыз қаншама. Одан арғы ғасырларда өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри, Әбілғазы Баһадүрхан барлығы да осы Шыңғысханды…

