Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram

  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»Сталиннің құйтырқылығы немесе Ұлтты бөлшектеу саясаты қалай жүзеге асқан еді?
Тарих

Сталиннің құйтырқылығы немесе Ұлтты бөлшектеу саясаты қалай жүзеге асқан еді?

09/10/20140

Өткенде теледидарға қарап отырып біз сырттай сыйлап жүрген бір ағамыздың кейде кеңестік дәуірді аңсаймын деген әңгімесін естіп қалдым. Ол кезде бұқараға көп жағдай жасалды, жұрттың көңілі тоқ, көйлегі көк болған еді дейді әлгі ағамыз. Өкінішке қарай, осындай пікірлерді жиі болмаса да ара-тұра естіп қаламыз. Меніңше, мұндай әңгімелерді большевиктер жүргізген сұрқайы саясаттан бейхабар адамдар айтатын сияқты. Бірақ, біліп тұрып, наданның сөзін сөйлейтіндері де бар. Мұндайлар көбіне ұлттық мүддені түсіне бермейтіндер немесе уызына жарымаған қандастарымыз екені айтпаса да түсінікті. Егер, «қызыл қырғынның» не үшін қолға алынғанын аңғарса есі бар адам Кеңес одағын аңсауын сап тияр еді. Енді, сол коммунистердің құйтырқы әрекеттерінің кейбіріне арнайы тоқталсақ…
Ресей империясында орыс еместердің барлығын әуелден татарлар деп атайтын дәстүр бар. Әсіресе, олар шыққан тегі азиялықтарды осылайша жалпылама атайды. Бірде Мәскеу радиосында сұхбат беріп жатқан Расұл Ғамзатов Кеңес Одағының маршалы Климент Ворошиловтың өзімен кездескенде үнемі «Иә татар, қал-жағдайың қалай?» деп амандасатынын есіне алды. «Сосын, бір күні,-дейді сөзін ары қарай сабақтаған Ғамзатов, шыдай алмай кетіп – Климент Ефремович, мен татар емеспін, Дағыстандық авармын» дедім. Маршал болса «Жә, қызбаланба Расұл,-сіздерді орысеместердің барлығын бізде баяғыдан татарлар деп атайды»,-деп әңгіменің соңын қалжыңға айналдырып жіберді» деп жазады. Тарихи деректерге жүгінсек, қазіргі әзірбайжандарды да 1926 жылға дейін татарлар деп атап келіпті. Грузияның алғашқы президенті З.Гамсахурдия жұрт алдында сөйлеген сөзінде Грузияны мекен еткен әзірбайжандарды үнемі татарлар дейтін болған. Мұндай мысалдар өте көп. Кейін большевиктер билік басына келген соң империядағы байырғы халықтарға басқаша ат беріле бастады. Әсіресе, қазіргі татарлардың бабалары, осы тұста үлкен белсенділік көрсетеді. Бұқара бас қосқан жерде олар өздерін мұсылмандармыз, бұл­ғар­лармыз немесе ноғайлармыз деп атап жүрді. Кейін, аты өзгерген халықтардың моң­ғол-татарлармен мүлде байланыспайтын жаңа тарихын жасау қажеттігі туады. Сталиннің бұйрығы бойынша беделді шығыстанушылар мен тарихшылардың тұтас бір тобы осы жұмысқа білек сыбана кіріседі. Бұларға академик В.Бартольдтің өзі басшылық жасады. Кейін, кезек Түркістанға келді. Мұнда большевиктер барша түрік түлеп ұшқан жердегі төл халықты ыдырату саясатын жүзесе асырды. Халықтарға қайта ат беру арқылы большевиктер Қапқаз бен Түркістанды мекендеген миллиондаған қыпшақтарды да жойып жібереді. Бұл атау олар үшін өте қауіпті еді. Өйткені, қыпшақтар бір кездері шығыс Еуропа мен Орталық Азияның арасындағы аймақ­ты мекендеген алып этнос болды. Екіншіден, Түркістандағы қыпшақтар қызылдар қырын қараған Алтын Ордадан шыққан. Олар Орталық Азиядағы төрт республика Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстік өңірін алып жатқан Қоқан хандығындағы белсенді күш болатын. XIX ғасырдың жетпісінші жылдары Ресей империясы жаулап алған соң, Қоқан хандығы біртіндеп өмір сүруін тоқтатады. Бірақ, Түркістанда қалып қойған қалың қыпшақ Сталиннің түн ұйқысын төрт бөліп, дегбірін қашырды. Ол Түркістанда Қыпшақ республикасын құрғысы келген жоқ. Қысқа қайырғанда, Түркістанда жүргізілген бөлшектеу саясатынан кейін мұндағы қыпшақтар ірі этнос ретінде жойылып, өңірдегі өзге халықтардың арасына сіңіп кетеді. Дәлірек айтқанда, оларды өздерін қырғыз, түркімен, өзбек немесе қазақ деп атауға мәжбүрледі. Кейін, қыпшақтар Түркістанда тұтас халық болып ғұмыр кешуін түбегейлі тоқтатты. Бәлкім, осыдан кейін болса керек, олардың ұрпақтары Ферғана халифатын құрамыз деп ТМД-ның үш республикасы түйіскен жердегі бүкіл Ферғана алқабын күні бүгінге дейін дүрліктіріп отыр. Кейін большевиктер «моңғол-татарлардың мәселесін де» біржола шешуге кірісті. Қазірге дейін, кейбір ағаларымыз қызғыштай қорғайтын Сталин, осы тұста моңғол-татарларды «та­ғы көшпенділер» қылып көрсетуге құл­шынды. Бұл тарихи деректер растайтын жәйт. Мәселен, белгілі ақын әрі аудармашы, Семен Липкиннің естеліктерінде Ста­лин­нің бүкіл Русьті жаулап алған «татар» этнонимін варварлар қылып барынша қаралауға тырысқаны айтылады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Семен Липкин Ста­линнің татар-моңғолдарды жұртқа жек­көрінішті етіп көрсетуге талпынғанын әңгімелеген. Осындай оймен «көсем» ғылым мен кино қайраткерлерін, суретшілер мен жазушыларды осы процеске арнайы жұ­мылдырып жібереді. Нәтижесінде 1939 жылы Василий Янавецкийдің «Шыңғысхан» деп аталатын кітабы КСРО-ның мемлекеттік сыйлығына ұсынылады. Тарихи шындықтан алыс жатқан, Шыңғысханды қаралау үшін жазылған бұл роман өз дегеніне жетіп, татар-моңғолдарға жұрт қырын қарай бастады. Ал, соғыс жылдары Сергей Эй­зенштейннің «Иван Грозный» кинокартинасын жарыққа шығартқан Иосиф Сталин Шыңғысхан мен оның ұрпақтарына жариялаған күресте біржола жеңіп шығады. Татар-моңғолдарды жұрт осыдан кейін басқыншы, өркениеттен хабары жоқ қара тобыр ретінде қабылдайтын болды. Осындай ылаңшыл әрекеттері кейін жазасыз қалмайтынын Сталиннің іші сезген сияқты. 1938 жылы Кеңес Одағының Швециядағы елшісі Коллонтаймен болған арадағы әңгімеде ол: «Кейін ең алдымен шет мемлекеттерде, тіпті өз елімізде де біздің партия бен халықтың көптеген ісін әдейі бұрмалап, оған тас ататындар шығады. Әлемге қожа­лық етуге ұмтылған Сионизм қол жеткізген табыстарымыз бен жетістігіміз үшін бізден аяусыз кек қайтарады. Олар Ресейге әлі де тағылар мекені, шикізат орталығы ретінде қарайды. Менің атыма да күйе жағылады. Маған көптеген қылмыстарды зорлап танатын болады» дейді. Сонымен, жоғарыдағы жәйттар большевиктер жүргізген «көпвекторлы» саясаттың бірі ғана. Олардың империяны ұстап тұру үшін қандай құйтырқы әрекеттерге барғанын жіпке тізгендей етіп түгел баяндап шығу әсте мүмкін емес. Оның қажеті де жоқ деп ойлаймын. Біз үшін ең бастысы қызыл империя тарихының Қазақ елі үшін, қастерлі кезең болмағанын жұртқа жеткізу болды..

Сталиннің құйтырқылығы немесе Ұлтты бөлшектеу<br />
саясаты қалай жүзеге асқан еді?</p>
<p>Өткенде теледидарға қарап отырып біз сырттай сыйлап жүрген бір ағамыздың кейде кеңестік дәуірді аңсаймын деген әңгімесін естіп қалдым. Ол кезде бұқараға көп жағдай жасалды, жұрттың көңілі тоқ, көйлегі көк болған еді дейді әлгі ағамыз. Өкінішке қарай, осындай пікірлерді жиі болмаса да ара-тұра естіп қаламыз. Меніңше, мұндай әңгімелерді большевиктер жүргізген сұрқайы саясаттан бейхабар адамдар айтатын сияқты. Бірақ, біліп тұрып, наданның сөзін сөйлейтіндері де бар. Мұндайлар көбіне ұлттық мүддені түсіне бермейтіндер немесе уызына жарымаған қандастарымыз екені айтпаса да түсінікті. Егер, «қызыл қырғынның» не үшін қолға алынғанын аңғарса есі бар адам Кеңес одағын аңсауын сап тияр еді. Енді, сол коммунистердің құйтырқы әрекеттерінің кейбіріне арнайы тоқталсақ…<br />
Ресей империясында орыс еместердің барлығын әуелден татарлар деп атайтын дәстүр бар. Әсіресе, олар шыққан тегі азиялықтарды осылайша жалпылама атайды. Бірде Мәскеу радиосында сұхбат беріп жатқан Расұл Ғамзатов Кеңес Одағының маршалы Климент Ворошиловтың өзімен кездескенде үнемі «Иә татар, қал-жағдайың қалай?» деп амандасатынын есіне алды. «Сосын, бір күні,-дейді сөзін ары қарай сабақтаған Ғамзатов, шыдай алмай кетіп – Климент Ефремович, мен татар емеспін, Дағыстандық авармын» дедім. Маршал болса «Жә, қызбаланба Расұл,-сіздерді орысеместердің барлығын бізде баяғыдан татарлар деп атайды»,-деп әңгіменің соңын қалжыңға айналдырып жіберді» деп жазады. Тарихи деректерге жүгінсек, қазіргі әзірбайжандарды да 1926 жылға дейін татарлар деп атап келіпті. Грузияның алғашқы президенті З.Гамсахурдия жұрт алдында сөйлеген сөзінде Грузияны мекен еткен әзірбайжандарды үнемі татарлар дейтін болған. Мұндай мысалдар өте көп. Кейін большевиктер билік басына келген соң империядағы байырғы халықтарға басқаша ат беріле бастады. Әсіресе, қазіргі татарлардың бабалары, осы тұста үлкен белсенділік көрсетеді. Бұқара бас қосқан жерде олар өздерін мұсылмандармыз, бұл­ғар­лармыз немесе ноғайлармыз деп атап жүрді. Кейін, аты өзгерген халықтардың моң­ғол-татарлармен мүлде байланыспайтын жаңа тарихын жасау қажеттігі туады. Сталиннің бұйрығы бойынша беделді шығыстанушылар мен тарихшылардың тұтас бір тобы осы жұмысқа білек сыбана кіріседі. Бұларға академик В.Бартольдтің өзі басшылық жасады. Кейін, кезек Түркістанға келді. Мұнда большевиктер барша түрік түлеп ұшқан жердегі төл халықты ыдырату саясатын жүзесе асырды. Халықтарға қайта ат беру арқылы большевиктер Қапқаз бен Түркістанды мекендеген миллиондаған қыпшақтарды да жойып жібереді. Бұл атау олар үшін өте қауіпті еді. Өйткені, қыпшақтар бір кездері шығыс Еуропа мен Орталық Азияның арасындағы аймақ­ты мекендеген алып этнос болды. Екіншіден, Түркістандағы қыпшақтар қызылдар қырын қараған Алтын Ордадан шыққан. Олар Орталық Азиядағы төрт республика Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстік өңірін алып жатқан Қоқан хандығындағы белсенді күш болатын. XIX ғасырдың жетпісінші жылдары Ресей империясы жаулап алған соң, Қоқан хандығы біртіндеп өмір сүруін тоқтатады. Бірақ, Түркістанда қалып қойған қалың қыпшақ Сталиннің түн ұйқысын төрт бөліп, дегбірін қашырды. Ол Түркістанда Қыпшақ республикасын құрғысы келген жоқ. Қысқа қайырғанда, Түркістанда жүргізілген бөлшектеу саясатынан кейін мұндағы қыпшақтар ірі этнос ретінде жойылып, өңірдегі өзге халықтардың арасына сіңіп кетеді. Дәлірек айтқанда, оларды өздерін қырғыз, түркімен, өзбек немесе қазақ деп атауға мәжбүрледі. Кейін, қыпшақтар Түркістанда тұтас халық болып ғұмыр кешуін түбегейлі тоқтатты. Бәлкім, осыдан кейін болса керек, олардың ұрпақтары Ферғана халифатын құрамыз деп ТМД-ның үш республикасы түйіскен жердегі бүкіл Ферғана алқабын күні бүгінге дейін дүрліктіріп отыр. Кейін большевиктер «моңғол-татарлардың мәселесін де» біржола шешуге кірісті. Қазірге дейін, кейбір ағаларымыз қызғыштай қорғайтын Сталин, осы тұста моңғол-татарларды «та­ғы көшпенділер» қылып көрсетуге құл­шынды. Бұл тарихи деректер растайтын жәйт. Мәселен, белгілі ақын әрі аудармашы, Семен Липкиннің естеліктерінде Ста­лин­нің бүкіл Русьті жаулап алған «татар» этнонимін варварлар қылып барынша қаралауға тырысқаны айтылады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Семен Липкин Ста­линнің татар-моңғолдарды жұртқа жек­көрінішті етіп көрсетуге талпынғанын әңгімелеген. Осындай оймен «көсем» ғылым мен кино қайраткерлерін, суретшілер мен жазушыларды осы процеске арнайы жұ­мылдырып жібереді. Нәтижесінде 1939 жылы Василий Янавецкийдің «Шыңғысхан» деп аталатын кітабы КСРО-ның мемлекеттік сыйлығына ұсынылады. Тарихи шындықтан алыс жатқан, Шыңғысханды қаралау үшін жазылған бұл роман өз дегеніне жетіп, татар-моңғолдарға жұрт қырын қарай бастады. Ал, соғыс жылдары Сергей Эй­зенштейннің «Иван Грозный» кинокартинасын жарыққа шығартқан Иосиф Сталин Шыңғысхан мен оның ұрпақтарына жариялаған күресте біржола жеңіп шығады. Татар-моңғолдарды жұрт осыдан кейін басқыншы, өркениеттен хабары жоқ қара тобыр ретінде қабылдайтын болды. Осындай ылаңшыл әрекеттері кейін жазасыз қалмайтынын Сталиннің іші сезген сияқты. 1938 жылы Кеңес Одағының Швециядағы елшісі Коллонтаймен болған арадағы әңгімеде ол: «Кейін ең алдымен шет мемлекеттерде, тіпті өз елімізде де біздің партия бен халықтың көптеген ісін әдейі бұрмалап, оған тас ататындар шығады. Әлемге қожа­лық етуге ұмтылған Сионизм қол жеткізген табыстарымыз бен жетістігіміз үшін бізден аяусыз кек қайтарады. Олар Ресейге әлі де тағылар мекені, шикізат орталығы ретінде қарайды. Менің атыма да күйе жағылады. Маған көптеген қылмыстарды зорлап танатын болады» дейді. Сонымен, жоғарыдағы жәйттар большевиктер жүргізген «көпвекторлы» саясаттың бірі ғана. Олардың империяны ұстап тұру үшін қандай құйтырқы әрекеттерге барғанын жіпке тізгендей етіп түгел баяндап шығу әсте мүмкін емес. Оның қажеті де жоқ деп ойлаймын. Біз үшін ең бастысы қызыл империя тарихының Қазақ елі үшін, қастерлі кезең болмағанын жұртқа жеткізу болды..
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКаспий үшін тартыста Қазақстан мүддесін қорғай алды ма?
Next Article Өмірге ғашық болу-3. Логотерапия

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба

Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.