Автор: admin

Қытайдың Алтай аймағында өткен мал және егін шаруашылығы жәрмеңкесінде жергілікті кәсіпкерлер қазақ шайының 56 түрін дайындап, Гиннесс рекордтар кітабына енгізгені хабарланды.  Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайына берілген сертификатты ұстап тұрған қазақ қыздар. Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды  Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Шетелдегі ең ірі қазақ диаспорасы – шыңжаңдық қазақтардың Алтайдағы белсенділерінің бірі Серік Әбдіғали жергілікті қолөнершілер мен дәстүрлі кәсіп иелерінің бірқатар өнімдері мен ұлттық қойылымдарын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуға лайық заттар екенін бірнеше жыл бұрын аңғарады. Серік өзі жауапты қызметкер болып жұмыс істейтін Алтай қалалық әкімдігі жыл сайын өткізетін жәрмеңкеге төңіректен жиналған қарақұрым жұрт мереке-думан кезінде ұлттық би…

Read More

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті. Кездесуде екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты, соның ішінде әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды. С. Ахметов «Қазақстан мен Қытайды екі ел көшбасшыларының жылы және достық қарым-қатынасына негізделген берік және ұзақ мерзімді ынтымақтастық байланыстырады. Екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы  әріптестік осы ынтымақтастықтың маңызды бір бағыты болып табылады», — деді. Өз кезегінде  ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян «Қытай Қазақстанмен мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша, соның ішінде әскери және әскери техникалық салада да стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір»- деп атап…

Read More

Үстіміздегі жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің күні шеңберінде Сыртқы істер министрлігінде дипломаттардың қатысуымен қазақ тілі кеші болып өтті. Кеште Министрліктегі қазақ тілі курстарында білімін тереңдетіп жүрген қызметкерлерден құралған командалар «Сөзтаным» және «Мақалнама» номинациялары бойынша мемлекеттік тілді терең меңгеру жөнінде өзара сайысқа түсті. Сайыс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрге айналған бұл тіл кеші Министрліктегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің жалпы мемлекеттік қызметтегі рөлін арттыру жолында жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстардың бір айғағы болды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Read More