26 қыркүйек күні қазақтың дәстүрлі күйлерін жеткізуші күйші, кинодраматург, жазушы Таласбек Әсемқұловтың дүние салғаны белгілі болды. Қаралы хабарды Азаттық марқұмның отбасынан білді. Таласбек Әсемқұлов 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай темір жол станциясында дүниеге келген. «Жазушы» баспасында, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, «Жұлдыз» әдеби журналында, Ықылас Дүкенбайұлы атындағы ұлт аспаптар ғылыми музейінде қызмет істеген. Жазушы оқырмандарына «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» атты әңгімелері мен «Шымдан» хикаяты және музыканттардың өміріне арналған «Талтүс» романы арқылы танылды. Ол «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана» және «Тұмар падиша» сияқты киносценарийлер жазған. Таласбек Әсемқұл — «Бәйжігіт күйлері» мен «Тәттімбеттің мұрасы» деген жинақ авторы, «Қазақтың мың күйі» атты антологияға енген ондаған дәстүрлі күйдің орындаушысы. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Автор: admin
Замана дауылымен алысып, ғұмыры ат үстінде өткен бабаларымыздың басы қайда қалмаған?! Мәңгілік мекен туған елінен жырақта, жат жердің топырағынан бұйырған тұлғаларымыздың бірқатарын төменде тізбелеп өттік. Бұл тізімге енбей қалған, бізге аты-жөні беймәлім қаншама қандастарымыздың сүйегі жат жерде қалды?! (Шет мемлекеттерде жерленген бабалар туралы тың деректерді білетін, осы тізімді толықтырғысы келетіндер aynaline.kz сайтының редакциясына хабарласуына болады). 1. Дамаск Әбу Насыр әл-Фараби. Отырарда туып, әлемге даңқы жайылған шығыстың ұлы ойшылы, философ, математик, астроном, физик, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі әл-Фараби бабамыз 970 жылы Шам шаһарында, қазіргі Сирияның Дамаск қаласындағы Баб әс-Сағир зиратында жерленген. Кесенесі 2010 жылы қазақ үкіметінің ат салысуымен қайта қалпына келтірілді. 2. Мысыр Бейбарыс сұлтан – 1223-77 жылдары…
« Халықаралық болжамдарға сүйенсек, ХХІ ғасырдың соңында қазақ жерінің қазына-байлығын игеру үшін Қазақстан аумағына 100 миллион адамды орналастыру қажеттілігі туатын көрінеді. Ал, қазіргі Үкіметтің ресми болжамы бойынша, 2050 жылы елдегі халық саны небәрі 26 миллион болмақ. Демек, осы кезеңде жеріміздегі қазына байлықтың заңды иелері және мұрагері – қазақтар елде мүлде азшылыққа айналып, Қазақстан дегеніңіз КСРО кезіндегідей шетелдік алпауыттардың жаппай тонауына ұшырауы әбден мүмкін. Әрине, бұған жол бермес үшін, тұрғын үйге, жер учаскесіне, азық-түлікке зәрулікті жойып, халқымыздың санын еселеп арттырып, 2020 жылы 20 миллионнан асырып, 2050 жылы 50 миллионға, ғасырдың соңында 100 миллионға жеткізу үшін барлық мүмкіндікті қарастыру қажет» дейді Алматы…

