Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қытай қазақтары шайын Гиннеске енгізді
Қоғам

Қытай қазақтары шайын Гиннеске енгізді

29/09/20140

Қытайдың Алтай аймағында өткен мал және егін шаруашылығы жәрмеңкесінде жергілікті кәсіпкерлер қазақ шайының 56 түрін дайындап, Гиннесс рекордтар кітабына енгізгені хабарланды. 

Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайына берілген сертификатты ұстап тұрған қазақ қыздар. Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды

Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайына берілген сертификатты ұстап тұрған қазақ қыздар. Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды

 Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Шетелдегі ең ірі қазақ диаспорасы – шыңжаңдық қазақтардың Алтайдағы белсенділерінің бірі Серік Әбдіғали жергілікті қолөнершілер мен дәстүрлі кәсіп иелерінің бірқатар өнімдері мен ұлттық қойылымдарын Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуға лайық заттар екенін бірнеше жыл бұрын аңғарады. Серік өзі жауапты қызметкер болып жұмыс істейтін Алтай қалалық әкімдігі жыл сайын өткізетін жәрмеңкеге төңіректен жиналған қарақұрым жұрт мереке-думан кезінде ұлттық би билеп, ән салады, өнімдерін саудалайды. Әкімдік 2010 жылы алғаш рет Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерін шақырып, бір мезгілде «Жар-жар» биін билеген 17 мың адамды тіркетіп, алғаш рет көзге түседі. Кейін бұл аймақтың ұлттық бояуы қанық мәдени іс-шараларына рекордтар кітабының өзі назар аудара бастайды.

Ал биылғы қыркүйектің 20-сы күні жергілікті қазақ кәсіпкерлер бірлесіп дәл осы жәрмеңкеге шығарған 56 түрлі Алтай шайы көптүрлілігі жағынан Гиннестің рекордтарына тағы ілінгені хабарланды. Биылғы жәрмеңкеде «Алтай қазақтарының шайы» деген атпен ұсынылған өнімнің 56 түрі таныстырылған. Серік Әбдіғали шайдың бұл түрін ірі үш топқа бөледі.

Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайының түрлері. Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды

Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайының түрлері. Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды

 

«Біріншісі – дәстүрлі шай. Оған әдетте ішіп жүретін сүт қатылған шайдың түрлері жатады. Олар – қызыл шай, кемпір шай, бала шай деген секілді болып кете береді. Ал екіншісі – мәнерленген шай. Яғни тары салынған, ірімшік салынған, май қатқан, сүйек қосылып қайнатылған шайдың түрлері. Үшіншісі – дәрілік шай түрлері. Оған әртүрлі дәрілік өсімдіктер қосылып қайнатылған шайдың түрлерін жатады» деп сипаттайды Серік Әбдіғали.

Алтай қалалық партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің бастығы Серік Әбдіғали Азаттыққа жәрмеңке жергілікті ұлттық өнім дайындаушылар үшін ерекше мүмкіндікке айналғанын айтады.

«2010 жылғы жәрмеңкеде сиыр сүтінен жасалған тағамның 20-дан астам түрі көпшілікке көрсетілді. Қазір сиыр сүтінен жасалған тағамның бұл түрлері «Аңсаты» деген атпен Қытайдың ішкі жағында, сонымен қатар Қазақстан мен Монғолияға саудаға шығарылады» дейді ол.

Соңғы уақытта жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер түйе сүтінің өнімдерін де шығара бастаған.

Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайына сертификат тапсыру сәті. Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды
Гиннестер рекордына енді деп хабарланған Алтай шайына сертификат тапсыру сәті.
Сурет Алтай аймақтық әкімдігінің ресми сайтынан алынды

«Қазақ тарихта түйенің сүтін көбіне шұбат ретінде пайдаланып келді. Ал біздің кәсіпкерлер 2011 жылдан бастап түйе сүтінен 37 түрлі тағам түрін өндіруді қолға алды» дейді Серік Әбдіғали.

Биыл Алтай аймағында өткен дәстүрлі жәрмеңкеде елді елең еткізген тағы бір жаңалық – 176 келі тартатын қазақы қошқардың аса жоғары бағалануы болатын. Әлеуметтік желілерде «Алтай аймағында тегене құйрық қошқар 176 килограмм тартып, 128 мың қытай юанына (21 мың АҚШ долларындай) сатылды» деген ақпарат тараған. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәліметке күмән келтірсе, енді бірі таң қалысқан.

Жәрмеңке ұйымдастырушыларының бірі Серік Әбдіғали Азаттық тілшісіне қошқардың салмағы мен тұқымы туралы мәліметті растады.

«Сатылған атан қошқар ешқандай қоспасыз, тегене құйрық, арқар тектес таза қазақы қойдың тұқымы» деді ол.

Қытайдағы Шыңжаң қазақтарының Гиннестің рекордтар кітабына енуі бір бұл емес. Бұған дейін «Кеңес» күйін 10 мың шыңжаңдық қазақтың жиналып, бір мезетте тартуы рекорд ретінде тіркелген. Әлемдегі ең кішкентай домбыра жасаған шебер де осы өлкеден шыққан. Шыңжаңдық қазақтардың 1000 метрлік қазы жасау арқылы да рекорд тіркегені хабарланған.

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай аймағында 650 мың адам тұрады, соның 230 мыңы Алтай қаласын мекен етеді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚытай Қазақстанмен мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша, соның ішінде әскери және әскери техникалық салада да стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір
Next Article Жапондарда Бусидо болса, қазақтарда руы мен ата-бабасы! Сол болмыс үстемдік құрғанда біздің бабаларымыздан басқалар именген….

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.