Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (туы, әнұраны, елтаңбасы) тыс мемлекеттік ұрандары болады. Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады. Осы 23 жылда қаншама ұранды бастан өткердік. 3-4 жылда бір ұранды ауыстырып, тоздырып жатамыз. Осыған орай сұрақ: біздің мемлекетке ұран керек пе? Керек болса қандай? Маған екі нұсқасы ұнайды: 1) Азаттық. Бірлік. Өрлеу. 2) Ұлт. Азаттық. Еңбек. Сіздер не ұсынасыздар. Ерінбей басқа елдердің мемлекеттік ұрандарын жиып-тергендей болдым. Салыстырып, ойланып көріңіздерші. ТМД елдері Әзірбайжан — «Odlar Yurdu» — Оттар елі Армения – Бір ұлт – бір мәдениет Белоруссия – Жыве Беларусь! (белор., Жасасын Беларусь!)…
Автор: admin
Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі мен мүшелерінің үйлеріне жасалған басқындар айыпталды Сыртқы істер министрлігі Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі және Мәжіліс мүшелерінің үйлеріне жасалған шабуылдарды айыптады. Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қырым Автономиялық Республикасында өмір сүрген және жергілікті татар халқының өкілдігін жасаған органы Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі мен кейбір мүшелерінің үйлеріне 2014 жылы 16 қыркүйек күні қарулы қызметкерлер жасаған басқындарды айыптаймыз» делінді. Мәлімдемеде демократиялық хақтарын бейбітшіл жолдар арқылы іздеген Қырым татар халқын Қырым Татар Ұлттық Мәжілісіне басқын жасап қорқытуды мақсат еткен мұндай әрекеттердің қабылданбайтыны атап көрсетілді. Мәлімдемеде «Халықаралық қоғамның да Қырым татар халқының қайғыларына жаңаларын қосуға бағытталған осы бастамаларына үнсіз қарап отырмайтынына сенеміз. Түркия Қырым Автономиялық…
Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық мерей тойына орай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жариялаған аламан жыр бәйгесінде еліміздің белгілі ақындарынан бастап, жас таланттарға дейін ат салысты. Жыр додасында сексеннен астап үміткердің қатарында Моңғолиядан, Қытайдан танымал ақындардың қатысуы мүшәйра деңгейін көтеріп, ауқымын кеңейте түсті. Даңқты батыр, атақты шешен, көсем би, көреген басшы Ер Жәнібек жайында сақталған тарихи аңыздар, жыр, дастан, толғаулар мен жазылған роман, хикаяттар бір төбе болса, мүшәйрада жүлде алған жұлдызды жырлар бір төбе. Мінеки, осы жүлделі жырлар мен қатар бәйгеге жолданған туындылардың бірқаншасының басын қосып «Ерлік жыры – Ер Жәнібек» атты жыр жинағы ақын Ержан Жаубайдың құрастыруымен «Фолиант» баспасынан жарық…

