Республикалық «Болашақ» жастар қозғалысы ұйымдастырған «2-ші Дүниежүзілік соғысқа қайта баға беретін кез келді» деген дөңгелек үстелде Ресей елшілігін жерден алып, жерге салдым… «Лента таратқыш» елшілік Қазақстанда отырып-ақ отандастарымызға Ресей азаматтығын беріп жатыр. Құдай бетін ары қылсын, бұлай жалғаса берсе Қырым сценарийін бас қаламыз Алматыда қайталауы мүмкін. Сондықтан, екінші дүниежүзілік соғысқа, орысқұлдар мен орысшылдар тұмсығын сұғатын кез-келген салаға қазақы көзқараспен қарауымыз қажет. ТОЛЫҒЫРАҚ… Қазақстанда бипатридтердің көбеюіне Ресей тарапы «қомақты» үлес қосып жатыр. Ғаламтор беттерін ашсаңыз «Қазақстан азаматы Ресей азаматтығын қалай алады?» деген секілді талқылаулардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ең сорақысы сол, заңдық тұрғыда Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ Ресей азаматтығын алуға болады…
Автор: admin
Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) — жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. ЖұмаділовкеШығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.[1]»Қазақ әдебиеті» газетінде (1965 — 67), «Жазушы» баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 — 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімшіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме,…
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Ахрименко көшесі қиылысында салынып жатқан көпір құрылысы құлады деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Алдын-ала болжам бойынша, көпір конструкциясы қирауынан бірнеше адам зардап шеккен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

