Студент кезімнен айтып келемін: Мен 17 баланың анасы боламын деп. Әркім әрқалай үгіттеп әлек. Біреуі айтады: өзіңді қинап не қыласың туып, олардан саған не пайда? дейді, енді біреуі, сен аурусың ба, мұндай сөз сөйлейтін адамды бірінші көруім Құдай сақтасын дейді. Мені ешкім түсінбейді?! Біз үйде 4ағайындымыз. Бойжетіп, ержетіп жан-жаққа кеттік. Біреуміз оқу, біреуіміз жұмыс. Әкем мен анам жалғыз қалды. 4 баланың өзі жетпей жатыр үйде отыруға. Егер көп болғанымызда біріміз оқуға кеткенде біріміз қалар едік анамыз бен әкенің жанында. Жасы үлкейген ата-анамның жалғызсырап қалғанын көрген сайын 17 баланың анасы болғым келеді. Бала бізге көптік етпес. Әр баланың өз несібесі бар емес пе? Алла беріп тұрса неге оны бағып қағып артыңда қалдырмасқа, а? Айтыңдаршы достар, көп балалы болған керемет емес пе?
Жамила Сарсенбайдың facebook парақшасынан алынды



