Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Спорт»КӨКПАРҒА ТАЙЫНША ТАРТҚАН
Спорт

КӨКПАРҒА ТАЙЫНША ТАРТҚАН

25/04/20152

11196327_696144103829397_2666624501511266407_n

Сафуан ШАЙМЕРДЕН

КӨКПАРҒА ТАЙЫНША ТАРТҚАН

Қытай қазақтары серкені қорашсынып, көкпарға тайынша тартады екен. Сенбейсіз бе? Рас, басында біз де сенбегенбіз. Бірақ Шеңгелдіде тұратын мына қазақ шүбәмізді қалдырмады:
— Бұдан көп жыл бұрын Қапшағай теңізінің арғы бетіндегі «Шеңгелді» совхозындағы бір шаруа адамынан соғым алатын болдым. Рульде өзім. Қасымда қонаққа келіп жатқан әкем бар. Біз совхозға сәске түсте келдік. Ашық шарбақта жем жеп жүрген он шақты жылқы. Қайсысын таңдасақ та, өз еркіміз. Жасынан жылқы бағып, мал арасында өскен қария жылқы ішінде біраз жүрді де, жүген-құрық тимеген бір семіз байталға айдар тақты. Жылқышылар қақпайлап, жаңағы байталды шығар қақпаға айдап әкеліп, үйшікке өткізіп берді. Қалай әкетесің, ендігісін өзің біл. Әкем болса жасы ұлғайған адам. Мен болсам… Ия, менің жайым айтпаса да түснікті ғой. Енді не істейміз деп дағдарып тұр едік, елулер шамасындағы салт атты бір кісі келіп әкеме сәлем берді. Істің мән-жайын түсінгеннен кейін:
— Атым сенімсіздеу, дегенмен де, байқап көрейін, — деді шүу асауды бұғалықтап, арқанның екінші ұшын иіріп әкеп тақымына басты. Сөйтті де, тарта жөнелді. Байтал төрт аяғымен табандап жатып алған. Ат шірене тартады. Шүу асау тыңға салған түренше жер сызып келеді. Ал ана қазақтың жалаңаш тақымындағы арқан домбыра шегіндей дыңғырайды. Үззілуге бар, бірақ желімденіп қалған секілді бір еліге де сусыған жоқ. Өстіп отырып біз оның үйіне келдік. Жас кезінде өзі де күшімен көз сүріндірген әкем қайран қалып, басын шайқады:
— Тақымың қысқаш па өзі, немене? Өнеріңе болайын. Менің де қайратым біраз бар еді. Бірақ, тақымыма ту биені бастым деп мақтана алмаймын, — деді.
Өкінішке орай, аты-жөні жадымнан шығып кеткен жаңағы қазақ:
— О, бұл біздің дағдылы машығымыз. Қытайда жүргенде көкпарға тана тартатынбыз. Серкені менсінбейтінбіз, — деп қайырды жауапты.
Әкем құптай сөйледі.
— Мына өнеріңнен кейін түйе тартатын едік десең де сенем, шырағым…
Осылай кереметті көргенім бар менің…

«Шоқыр» спорттық-танымдық жұрналы.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМен 17 баланың анасы боламын!
Next Article Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары тергеуге қысым көрсетпедім дейді

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.