Автор: admin

Көрнекті жазушы, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтар Мағауин Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайына отбасымен келіп, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Бұл мұражайдың негізгі құндылықтары оның жәдігерлері болып табылатындықтан, оны жинақтап, қалпына келтіру барысындағы мұражай қызметкерлерінің еңбекқорлығына жазушы жоғары баға берді. Ал мұражай директоры Бекен Теміров: — Мұражайдағы кез келген көрмені дайындау барысында үлкен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарынан, өлкетанушылар мен тарихшылардан көптеген тың деректер жинастырылады. Сонымен қатар, көрмені жасақтауда белгілі тарихи тұлғалармен қатар, екінің бірі біле бермейтін мәліметтер іріктеліп алынады. Мұражайымызға арнайы келіп, азды-көпті еңбегімізді бағалағаныңызға бек ризамыз, — дей келе құрметті қонаққа мұражай тарихы жайында мол дерек беретін кітапты…

Read More

Ғалым Боқаштың кез келген пікірі қызық. Кез келген ойы назар аударарлық. Кез келген мақаласы дүмпу тудырып жатады. Кез келген сұхбаты қызу талқыланады. Бірақ, сұхбатты сирек береді. Мақалаларын да көп көрмейміз. Ал әлеуметтік желідегі жазбалары әрдайым қызу талқыға түсіп жатқаны. Ғалым Боқаш жуырда Қазақстанның ашық кітапханасына арнайы сұхбат берді. Шығыстанудан басталған әңгіме жалғыздыққа келіп тірелді… – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары әр қырынан көрінді. Мұхаметжан Тынышбаевтар инженер бола жүріп те, ағартушылықпен айналысты. Жұртшылық әр қырынан білетін Әлихан Бөкейхановты өзіңіз талантты саясаткер, қабілетті қоғам қайраткері және кез келген мәселе туралы көптің көңілінен шығатын пікір айта алатын тұлға…

Read More

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар тізімі 12 қыркүйек, жұма (11:00-де) «Кеңсай-2» зиратына барып, Алтынбек Сәрсенбайұлының аруағына тәу ету. 13 қыркүйек, сенбі (9-30-дан – 14-00-ге дейін) – «Просвещенец» шипажайы – «Құмбел» шатқалы бағытымен тауға шығып, «Алтынбек жолымен» жүріп өту Жиналу орны мен уақыты: «Қазақстан» қонақүйінің қарама-қарсысындағы субұрқақ (фонтан) маңында басқосу (Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысы); сағат 09:00-дан кешікпей автобус тау жаққа қарай бет алады. 13 қыркүйек (басталуы сағат 10:00) – бильярд ойыны бойынша Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы дәстүрлі турнир Мекені: Алматы қаласы, Шағабуддинов көшесі, 109 «А», Қарасай батыр және Бөгенбай батыр көшелерінің ортасында, «Бастау»…

Read More