Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Ғылым-білім»Көне Түркі жазуы
Ғылым-білім

Көне Түркі жазуы

11/09/20141

c5bddbb4fcc3d09fc18f9272757dad06Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы, көне түркі әліпбиі, түркі руникалық әліпбиі – Орталық Азия жерін бағзы заманнан мекендеген түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде 35 әріп бар, әрбір әріптің түрлі график. нұсқалары қолданылады. Бұдан тыс 4 арнайы жазу таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылады (лт, нт, нч, рт). Жазудың бағыты – оңнан солға қарай. Бұл әліпби қалыптасқан график. жүйе болып табылады және негізінен көне түркі тілінің фонет. жүйесімен үйлеседі. 8 дауысты фонема (а мен ә, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полифонды әріппен, 16 дауыссыз фонема (фонема нұсқалар) 31 әріппен белгіленеді, 11 дауыссыз фонема (б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) жуан-жіңішке нұсқалары таңбалармен ажыратылады. Кейде олар жіңішке әрі жуан әріптің орнына қолданылады. Бұдан тыс 5 дауыссыз фонема (з, м, н, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді. К. т. ж-ның шығу тегі әлі шешіле қойған жоқ. 1893 ж. осы жазудың кілтін тапқан Дания ғалымы В.Томсен (1842 – 1927) көне түркі әліпбиі арамей (парсы-арамей және арамей-соғды) жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынды. Түркітанушылардың дені бұл пікірді қолдады. Томсен мен орыс ғалымы Е.П. Поливанов (1891 – 1938) арамей әліпбиіне жанасымы жоқ бірсыпыра руникалық таңбалар идеограммалардың (логограммалардың) негізінде пайда болды деген болжам жасады. Ал орыс шығыстанушысы Н.А. Аристов түркі руналарын ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі руна таңбалары негізігде туған төл жазу деп санайды. К. т. ж. жөнінде басқа да пікірлер бар, бірақ олардың ешқайсысы жазба таңбалардың нақты ұқсастығын аша алмайды. Археол. зерттеу барысында жаңадан табылған этногр. ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың ең көне жазба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. Б. з. д. 5 – 4 ғ-лардағы қорымдардан табылған руникалық немесе руна тәріздес екі ойма жазу Оңт. Сібір мен Қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпби болғандығын айғақтайды. Мұның бірі – Ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы (қ. Ертіс жазба ескерткіші), екіншісі – Іле бойынан табылған күміс тостағаншадағы ойма жазу (қ. Есік жазба ескерткіші). Көне түркі әліпбиі Оңт. Сібір мен Жетісу жерінде ерте дәуірде, яғни, б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде қалыптасқандығын археол. жаңа деректер мен палеогр. талдаудың нәтижелері дәлелдейді. Бұл көне әліпби Жерорта т. маңындағы алғашқы әліпбилермен генетик. жағынан тікелей байланысты. Демек, ол көне грек әліпбиінің жергілікті түрлерімен, финикия әліпбиінің және оның жалғасы – ертедегі арамей әліпбиімен, сондай-ақ Арабиядағы көне әліпбилермен етене жақын. Көне түркі руна таңбаларының шығу тегі басқа көне әліпбилердің шығу тарихымен тамырлас. Көне түркі әліпбиінің әуел бастағы түпкі негізі б.з.д. 3 – 2-мыңжылдықтағы беймәлім лотогр. немесе әліпбилік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне әліпбилермен ішінара ұқсастықтар олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. К. т. ж-ның шығу тарихы жалпы әліпбилік жазудың шығу тегімен ұштасады.

А. Аманжолов

Дереккөзі: “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы, Алматы, “Қазақ энциклопедиясы”, 1998 ж. 5-том

Көне Түркі жазуы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМоңғолия қазақтары шетелдік саяхатшы көзімен (ФОТО)
Next Article Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Оқи отырыңыз...

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Инвестициялық дипломатия.

17/08/20261

Цифрлық Қазақстан тарихындағы өте маңызды тарау дәл қазір Каспий жағасында жазылып жатыр.

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.