Түркі мемлекеті саяси ойының асыл мұрасы –жазба ескерткіштерінің өркениет тарихында алатын орны ерекше. Көшпенділік тұрмыс-салтын ұстағнан түркі тайпаларын даму деңгейі жоғары көрші империялардың өз бодандығында ұстау үшін икемді саясат жүргізгені тарихи шындық. Олар көшпенділер көсемдеріне шен-шекпен, дәреже, қоныстанған жерлеріне мұрагерлік билік иесі болу құқығын берді. Сонымен қатар, тарихи дәуірлерде үлкен жетістіктерге қол жеткізген империялардың экономикалық, саяси және мәдени жетістіктері кең етек жаюының да үлкен тиімділігі болды. Демек, түркі тайпаларының қайсы бірі Қытай бодандығын қабылдап, олармен араласып кетсе, екіншілері күрес жолына түсіп, еркіндігін сақтауға ұмтылды. Түркілер түсінігіндегі төрт бұрышты дүниенің бәрі дұшпан болып тұрғанда Бұмын, Естемі қағандардың ел-жұртты қалыптастырған, басты еңкейткен,…
Автор: admin
Елорданың жанына ерекше Этноауыл қондыру қажет Тас алаңдағы киіз үй Астанада Наурыз мерекесін тойлау басқа өңірлерге қарағанда қолайсыздау. Халық шала еріген көктайғақ жер мен ызығырық желдің өтінде мерекелік алаңға бұйыға барып, бүрсектей қайтып бара жатады. Әрине, қалада ұйымдастырылған мейрамдық шараларды қызықсыз деп айтуға келмес. Өзіндік өң-бояуы бар. Бас шаһарға Иманғали Тасмағамбетов әкім болғалы елордалықтар үшін Ұлыстың ұлы күнінің хал-қадірі мен мән-мағынасы арта түскенін де айта кеткен жөн. Бірақ, биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Наурызды өзгеше тойлауды батылдықпен бастап, ұлық мерекені атап өтудің өлшемін бүтіндей өзгертіп жіберді. Басқа өңірлер бұған қалай үн қосары әлі белгісіз. Астана да сол бұрынғы сүрлеуден ары…
Құрметті достар, қадірлі бауырлар, бүгін, яғни 14 тамыз 2014 жылы Астана қаласында бір топ қоғамдық ұйым жетекшілері мен белгілі азаматтар арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, ҚР Үкіметіндегі соңғы өзгерістерге байланысты оз ойлары мен ұстанымдарын білдірді. Біз, Конституциямыздың 33- бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өзі тікелей жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар екенін ескере отырып, ҚР Президентінің атына төмендегідей мәлімдеме-талап дайындадық. Баршаңыздан осы мәлімдемені қолдап, азаматтық позицияларыңызды білдіріулеріңізді сұраймыз. Қолдап, қол қойыңыздар, Конституциялық құқықтарыңызды пайдаланыңыздар! Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ! МӘЛІМДЕМЕ…

