Автор: admin

Өткен түні Алматыда 76 жасқа қараған шағында белгілі суретші Шәкен Ниязбеков қайтыс болды. Шәкен Ниязбеков – 1992 жылы ел парламенті арнайы заңмен белгілеген Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы. Сонымен бірге суретші салған туындылар арасында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда қол бастаған қазақ батыры Бауыржан Момышұлының монументі мен Алматы қаласының гербі де бар. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге танымал өнер қайраткерінің қазасына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып жеделхат жолдады. «Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі» делінген жеделхатта. Марқұм Шәкен Ниязбековпен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 18…

Read More

Әйгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев пен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев арасындағы жарасымды сыйластық туралы кейде әркім әртүрлі пікірлер айтады. Бірі олардың «ерке» мінездері мен өршілдігін, енді біреулері шығармашылық жолдағы жарасымды сыйластықтарын… Қалай дегенде де, талант табыстырған қос тағдырдың бүгінгі ұрпаққа керек кереметтері жоқ емес секілді. – Ойпыр-ай, адамға бас имейтін Мұқағали Нұрағаңның алдынан қия өтпеген дейді… – Оны айтасың, екеуі бір ай бойы бірге болып, Нұрғиса ағамыздың шаңырағында отыздан аса ән жазған екен. Бірі өлеңін, екіншісі әнін шығарып… – Адам сенбейді. Сонда отыз күн бойы Мұқағали қалай ғана тордағы арландай боп Нұрағаңның үйінде қамалып жатқан?!. Осындай-осындай сұрақтарды естіген сайын сол шындыққа…

Read More

Дөңтай ҚОЖАМБЕТҰЛЫ «КҮТІҢДЕР, ҒЫЛЫМ ЖОЛЫН ҚҰДАЙ ҮШІН!» Қазақ диаспорасының саяси, қоғам және дін қайраткері Қожамбетұлы Дөңтай 1878 жылы қараша айының 16-сы күні қазіргі Шыңжан өлкесі Құмыл аймағының Баркөл жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауат ашқан соң өз бетімен ізденіп, білім жолын қуған. Кейіннен Буыршын деген елді мекенде мектеп ашып ұстаздықпен айналысқан. Бұл жөнінде: «Буыршынды мекен ғып, бала оқыттым дүкен ғып, Құрметті етті жамағат, қадірлі молла екен деп» — деген өзінің өлең жолдары да бар (Моңғолия, «Шұғыла» журналы, 70-бет, № 1, 1992). 1920 жылдардың соңында Шығыс Түркістандағы саяси, әлеуметтік жағдай күрт шиеленісіп, қытайлар қазақтарды ішкі өлкелеріне қарай ығыстырып, жаппай қытайландыру саясаттарының…

Read More