Қытай елінде өнерін шыңдап жүрген ару қыздарымыздың бірі – Риза Әлімжан. Қытайдың кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал. Ол 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Қытайдың Baidu іздеу желісіндегі дереккөздерге сүйенсек, таза қазақ отбасында тәрбиеленген. Қыздың ата-анасы Бейжің қаласының тіл орталығында жұмыс істейді екен. Ризаның хоббиі: ән айту, саяхатқа шығу, кітап оқу. Ризаның танымалдылығы 15 жасынан бастап артқан. Ең жас сәнбике ретінде атақты сән туралы «Ruili» журналының алғашқы беттеріне бірнеше рет шыққан. Бұған дейін «Соқыр кино», «Үлкен шайқас», «Сәттілік келе жатыр», «Жень Хуан Чуан ғибадатханасы» сияқты тағы да басқа фильмдер мен мелодрамаларға түскен. Дәл қазір…
Автор: admin
Жапонияның Хиросима қаласында атом бомбасы құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Таңертеңнен көшеге шыққан жүздеген адам сағат 8-ден 15 минут кеткенде, яғни осыдан тура 69 жыл бұрын қалаға атом бомбасы тасталған уақытта адамзат тарихындағы жойқын қару құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Төңіректе орнаған мүлгіген тыныштық кезінде тек соғылған қоңырау үні ғана естіліп тұрды. Азалы рәсімге қатысқан Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ тарих тағылымын естен шығармауға шақырды. 1945 жылы 6 тамыз күні АҚШ әскери ұшағы Хиросимаға тастаған «Бөбек» деп аталатын атом бомбасының жарылысы мен одан кейінгі радиация зардабынан 140 мыңға жуық адам, яғни қала халқының үштен бірі қаза болған. azattyq.org
АСТАНА. ҚазАқпарат — Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек.Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н. Назарбаев мәлімдеді. «Біз оралмандардың жағдайын жасауымыз керек. Ал ішкі көші-қон мәселесі туралы бұрын да айтылған. Адамдарды жұмыс орындары бар жерлерге қарай жіберу қажет. Оңтүстік өңірлерде жұмыс орындары аз, сондықтан адамдар бұл жағдайды дұрыс түсінулері тиіс. Құдайға шүкір, Қазақстан кең-байтақ. Жұмыс орындары ашылуда, әсіресе жастар бір жерде отыра бермей, әр жерге барып, жұмыс істеп, еліміздің болашағын бірге жасауы керек», — деді Н. Назарбаев. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өзінің баяндамасында атап өткендей,…

