Украинаның қорғаныс министрі Валерий Гелетей. Украина әскері Донецк және Луганск облыстарында әрекет етіп жатқан ресейшіл сепаратистермен соғыста елеулі табысқа жетті деп мәлімдеді BBC-ге берген сұхбатында осы елдің қорғаныс министрі Валерий Гелетей. Ол үкімет әскерінің малайзиялық ұшақ құлаған аумақты бақылауына алғаны маңызды деді. Миинстрдің сөзінше, сепаратистердің біршама адам шығынына ұшырағанына қарамастан, олардың саны бұрынғыдай 15 мыңға жуықтайды. Гелетей сепаратистерге Ресейден жаңа күш қосылып жатқанын да айтады. Арнайы операция баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында 3 тамызда украин әскерилерінің позициясы сепаратистер мен Ресей жағынан атқыланғаны жайлы хабарлады. Күндіз Луганск аэродромы мен Новоанивка ауданындағы украин әскерінің позициясы «Град» кешенінен, Майорск селосындағы блокпост — минометтен атқыланған.…
Автор: admin
Түркия қазақтары қоры 2014 жылы, 28-31 шілде күндері Ыстамбұлда ұйымдастырған кіші қазақ құрылтайы жұмысын табысбен аяқтады. Құрылтай аясында үш күн ораза айтына дөп келген және Түркияда ресми демалыс болған 28-30 шілде күндері 8 футбол командасы “Ер Жәнібек Батыр” достық және бауырластық додасы үшін сайысты. Сайыста Гүнешлі Қазақкент ауылының командасы жеңіске жетті. Құрылтайдың соңғы күні, яғни 31 шілде күні таңертен Басминистр Аднан Мендерес пен Президент Тұрғыт Өзалдың кесенелеріне барып Құран оқылып дұға істелді және түрік халқына қазақ халқының алғыс сезімдері атап өтілді. Өйткені 1952 жылы, 13 наурыз күні басминистір Аднан Мендерес басқарған Түркияның министрлер кабинетінің қаулысымен бүгінгі қазақтардың аталары Түркияға қабылданған…
Әзербайжан мен Армения әскерлерінің арасындағы қақтығыс туралы нақты ақпараттар келуде. Тамыздың 1-нен 2-сіне қараған түні Тертер ауданында болған қақтығыста 40 армян әскері өлген. Ақпараттарға қарағанда Әзербайжан жеріне диверсия жасамақ болған армян әскери бөлімшесі түгелдей жойылған. Оқиға Намирли елдімекенінің төңірегінде болса керек. Әзербайжандар өңірде жасырынған армян әскерлерінің лагерін анықтап, оған шабуыл жасаған. Нәтижесінде 5 шатыр мен арнайы көлік жойылыпты. 40 армян әскері өлген, ал Әзербайжан жағынан 3 жауынгер қаза болған. Қазір әзербайжандар бұл бағыттағы барлық жолдарды бақылуда ұстап отыр. Сонымен қатар Баку Тертерге Гянджи өңірінен Т-90С танктерін алдыртқан. Бұл бронотехниканың тағы бір тобы Товузға беттеп барады. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Вагиф…

