20-ғасыр басындағы қоғам және мемлекет қайраткері, «Алашорда» автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың бұрын белгісіз болып келген суреті табылды. Суретті Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорынан тауып, көшірмесін жариялаған — Сұлтанхан Аққұлы. Фото сақталған папкада, сурет астында «Алиханъ Букейхановъ. Павлодаръ, 1908» жыл деген жазу болған. Алашорда зерттеушісі «Жазу қате, 1908 жылы күзде Семейде түскен суреті деп болжаймын» дейді. Азаттық бұл көшірмені қорындағы Әлихан Бөкейхановқа арналған фотогалереяға жаңадан қосып отыр. Әлихан Бөкейхановтың жаңадан табылған суреті. Фото Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорында сақталып келген. Сурет табылған…
Автор: admin
Атырау облысында ресейліктер жалға алған 2 әскери полигон бар. Олар – Қызылқоға ауданындағы Тайсойған мен Құрманғазы ауданы аумағындағы Азғыр полигондары. Жергілікті ауылшаруашылығы өнімін өндіретін фермерлер мен мұнай барлау саласының өкілдері көп жылдан бері осы жерлердің біраз бөлігін кері қайтарып алу туралы мәселе көтеріп жүр. Қазір бұл мәні зор мәселеге Парламент депутаттары да назар аудара бастады. Енді Үкімет мүшелерінің араласуымен алдағы кезде жердің басым бөлігі қайтарылмақ. Қызылға ауданының 1/3 бөлігін алып жатқан Тайсойған жеріндегі полигонның жалпы аумағы 750 мың гектар. Жердің пайдаланусыз жатқан бөлігін қайтару мәселесі 2011 жылдан бері көтеріліп келеді. Бірнеше рет мемлекетаралық комиссия құрылып, ақыры полигонның жерін 125 мың…
Рамазан айында атқарылып жатқан шараларға қандай баға бересіз? Жауап беруші , белгілі актер, режиссер, сазгер Мәлік Ақүрпеков. Барлық еліміз бойынша мешіттердің дайындығы қуантады. мүфтият төңірегінде топтасқан имамдар ұжымының әр жылғы ұйымдастырған мерекелік шараларының куәсі болып жүрміз. Өте жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық жасай алады. Салт –дәстүрімізге сай өткізген мерекелік рухани кештері де көптің көңілінен шығып жатады. Осы Рамазан айының алғашқы күндерінен-ақ мешіт имамдарының жамағатқа ауыз ашар беруінің өзінен ынтымақ пен ауыз біршіліктің арқасы деп түсінсек болады. Алла әр істеріңізге береке берсін. Оразадағы көңіл-күйіңіз қалай? Жауап беруші, Ауыт Мұқибек, ақын, балалар жазушысы. Астамдық, менмендік менде бұрын да болған емес. Ораза одан…

