Сан тарау өмір соқпағында ерікті, яки еріксіз басқан ізің – адамша ойланған сәтіңде ар сотының алдында азаптай ма? Тірнектеп, тыраштанып қалыптастырған анықтауышыңа (атағыңа, абыройыңа, кәсіби дәрежеңе) қаншалықты адал¬дығың жайлы аз-кем толғанғанда лайықты, лайық-сыздығыңыз туралы Құдайдың алдында құлазисыз ба? Осы сауалдарды өзіңе қойған сәтте адамша өмір сүрудің аса күрделі үлгісін көрсетіп кеткен алдыңғыларға айтар сөз де таппайсың. Тазы боп шалар түлкі – заманды сүрген біз ғана емес қой, тегі… «Батырдың көңілін сұрап барып едік, еңкілдеп жылады ғой», – деп есік алдында отырып әңгіме бастаған көрші шалдардың сөзіне елең ете қалғам. Махоркаларын ширатып орауға кірісіп, сөз үзіле қалған тұста жандарына таяп барып…
Автор: admin
Бүгінде Моңғолияда 120 мыңнан астам қазақ тұрады. Моңғолия қазақтары арасынан 24 ғалым, 61 ғылым кандидаты, 26 Еңбек ері, 71 еңбек сіңірген қайраткер, 8 мемлекеттік сыйлықтың иегері шықты. Өмірбек Биқұмарұлы – тарих ғылымдарының докторы. Моңғолиядағы мұғалімдер жоғарғы мектебін тарих-әдебиеттанушы мамандығы бойынша тәмамдаған ол бүгінде Моңғолия Ғылым академиясының Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесі Қоғамдық-экономикалық зерттеу орталығының тарих және тіл бөлімінің меңгерушісі. Сондай-ақ, ғалым Биқұмар Камалашұлы атындағы «Түркітану» ғылыми-зерттеу ұйымының төрағасы. – Өмірбек, атажұрттан жырақта қазақ пен түркінің тарихын зерттеп жүрген жайың бар екен… – Әкем осы орталықтың құрылуына мұрындық болып, еңбек сіңірген. Әкемнің аманатын арқалап жүрмін десем де болады. Ұйым 2000 жылы құрылғаннан бастап,…
Кенесары хан басып алып, өртеп жіберген Ақтөбе бекінісі.#Жаңарқаның іргесінде орналасқан екен. С.Сейфуллин атындағы өлкетану мұражайында макеты қойылыпты. от қарумен құрсауланып, қабырғаның артына жасырынған казак әскерін, найза мен садақтың көмегімен-ақ жеңіп шыққан бабаларым ер екен. Мұражай қызметкерінің айтуына қарағанда оқ өтпеудің амалы ретінде шабуылдаушылар тобылғыны домалақтап қалқан (бронижелет) ретінде пайдаланған. Сонымен қатар қорған ішін әбден зерттеген Наурызбай батыр жазықта ғана шауып үйренген аттарды бірнеше ай қорған ішінде жорық жасауға машықтандырған. Nurlyhan Kalkaman facebook парақшасынан алынды #qazaqia2015

