Автор: admin

Құрметті айтыссүйер қауым! Үстіміздегі жылдың 17 маусым күні “Бейбітшілік және келісім сайрайында” батыр Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерей тойына арналған “Ел қорғаған Ер Жәнібек” атты халықаралық ақындар айтыс өтеді. “Нұр Отан” партиясының қолдауымен “Ер Жәнібек” халықаралық қоры “айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағымен” бірлесіп өткізіп жатқан айтысқа Қазақстан, Қытай, Монғолия елдерінің айтыскерлері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда Қытайдан Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделханқызы, Монғолиядан Сәтжан Тілашқан секілді қандастарымыз өз өнерлерін ортаға салса, Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Қарлығаш Әубәкірова, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Бауыржан Қалиолла, Иран-ғайып Күзембаев, Ержеңіс Әбді, Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Мейірбек Сұлтанқан сынды ақындар қазақ елінің атынан…

Read More

3 мың жылдық шалбар табылды Қытайда Әлемдегі ең байырғы шалбар табылды. Қытайдың батыс өңіріндегі археологиялық қазбаларда әлемнің ең байырғы шалбары табылды. 40 жастардағы және жауынгер екені байқалған екі атты көшпендінің мазарындағы қазбаларда екеуінің де шалбар кигені анықталды. Сынақтар арқылы 3 мың жылдық екені анықталған шалбардың екеуі де қоңыр түсті екені және үш бөлшектен құралғаны білдірілді. Балақтары ашық шалбарлардың белінде кісінің денесіне ықшамдалуы үшін белбеуге ұқсайтын қайыстар байланатын жерлері де бар. Мамандар шалбарлар тігілген дәуірге қарағанда шынында ғасыр аттаған бір шеберлік өнері екенін ойлауда. Неміс Археология институты жүн кездемеден тігілген шалбарлардың атқа ұзақ уақыт міну барысында адамның денесін қажалудан қорғау және…

Read More