Егемендігіміздің 23-шы жылында, Хан Абылай заманында туған, Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айрықша батырлығымен, шешендігімен, мәмілегерлігімен аты шыққан, Халқымыздың тұтас ел болуы жолында ерен еңбек сіңірген Жәнібек Бердәулетұлы туғанына биыл – 300 жыл толыпты. осы мерей той қарсаңында «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қорының демеушілерінің бірі Белгілі кәсіпкер ағамыз Ділдахан Дәлелұлы мен сұхбатты ұсынамыз.
Жұмабай Мәдібайұлы: Ассалаумағаликум Ділдаханаға , Биыл ЕрЖәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерей тойы. егеменді елімізде батыр бабамыздың мерей тойын дабырылы өткізіп жатырсыздар, осы шаралар жөнінде айта кетсеңіз?
Ділдахан Дәлелұлы: Баба рухын дәріптеу ұрпақ парызы, Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойы осы ұрпақтың тұсына келіп отыр, бұл тойды өткізу біз ұшін үлкен бақыт және аса жауапты міндет.
біз бақытты ұрпақпыз, себебі біз егеменді елде, өз мемілекетімізде ұлттық батыр бабаларды ұлықтап жатуымыз шін мәнінде Құдай тағала Қазақ ұлтыны сыйлағанегеменді елдің арқасы . егер бөтен елдің боданында жұрсек Батырларымызды ұлықтау мұмкін емес. мысалы Қытай елінде жасап жатқан көптеген аз санды ұлыттардың өз батырлары бар , бірақта олар ұлағаттай алатын біздегідей еркіндік жоқ.
біз қазірге дейін бір сыпыра ауқымды іс шаралар атқардық. әуелі жыл басында Алматыда пресс-конференция ұйымдастырып, ресми түрде 300 жылдықты ашумен бастадық.қаңтар айында Алматы қаласында ақын, сазгер Серік Әбілұлының «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өтті. және басқада жалпы халықтық іс шаралар атқарылды.
мамыр айының 11 жұлдызында Алматыдағы ең үлкен халқаралық RIXOS-Almaty қонақ үйінде 500 жүз адамға көлемді ас берілді. Асқа Алматы қаласының әкімшілігінен, әр қайсы аудан әкімшілігінен, БАҚ өкілдері , өнер адамлары, елімізге аты әйгілі қоғам қайраткерлері ,саясаткерлер, мамандар , ғылым докторлары қатысып үлкен Ас болды. Аста Алматы қаласының бас имамы құран бағыштап , қатын түсірді .
Сондай-ақ, тарих ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы ғалым Жанымхан Ошанұлы мен жас ғалым Насихат Нәбиоллаұлының құрастыруымен «Ер Жәнібек» атты энциклопедиялық жинақтың, Моңғолияда тұратын жазушы ағамыз Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» атты романының, белгілі продюсер Базарбек Атығайдың дайындауымен Ақыт Үлімжіұлының «Ер Жәнібек» дастаны Рысбек Әшімов, Елмұра Жаңабергенова, Мақпал Тоқтағанова қатарлы елімізге танымал жыршылардың орандауында, ақын, манасшы Баянғали Әлімжановтың «Ер Жәнібек батырдың көңілі мен көкдөнені» дастаны автордың өз жырлауында аудиодискіге жазылып, батыр өміріне арналған деректі фильммен қатар «Керейде батыр Жәнібек» деген атпен жарық көрді. Бұған кәсіпкер Біржан Қажығалиевтің демеушілік еткенін ерекше атап өтеміз. Жарық көрген 2CD+DVD дискінің тұсаукесері өтіп, баспасөздерде таныстырылды, бұл шараға белгілі ақын, жазушы, қоғам қайраткерлері қатысты. Ал келесі күні яғни, мамырдың 12 жұлдызында Республика сарайында танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен қайырымдылық концерт өткізілді. әсіресе КСРО Халық әртісі,Қазақстан Халық әртісі Роза Рымбаева,Талғат Күзембаев, Рамазан Стамғазиев, «Нұр-Мұқасан», «Қоңыр», «Жігіттер», «Кешью» топтары ,Ерлан Ырысқали, Отанбек Еңсехан, Жұбаныш Жексенұлы қатарлы танымал өнер жұлдыздары қатысты. 2600 ге жуық қонақтар келді. Концерт өз мәресіне жетті.
Концерттің өтуіне Асқар Жакулин, Рахат Әбдіқадыр, Серік Көкенай және өзім қатарлы кәсіпкер азаматтар демеушілік жасадық. концертттің бейне түсірілімі 7 маусым , сағат 18:15 те мемлекеттік хабар арнасынан патриоттық әнкеші ретінде Бүкіл Қазақстанға көрсетілді. Станболда(Түркия), Еуропа елдерінде шетелдегі ағайындар мерейтойлық іс шаралар атқаруда.
Жұмабай Мәдібайұлы: Алдағы уақытта қандай іс шаралар жоспарлануда?
Ділдахан Дәлелұлы: 17 маусым ел ордамыз Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Ер Жәнібек рухына арналған ақындар айтысы өтеді. 19 маусымда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған арнайы ас беріледі.
ЕрЖәнібек бабамыздың 300 жылдық мерей тойының ең негізгі Ас берілуы, Маусымның 21-22 күндері бабамыз жатқан кесенеде ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау кенті, Ортабұлақ жерінде өтеді. Асқа ел іші-сыртында тұратын 7-8 мыңға жуық қонақтар келеді деп күтілуде. Асқа келген қонақтарға 100 дей киіз үй тігіледі, 20 жылқы, 50 дей қой сойылады. асты ұйымдастыру алқасы 15 топқа бөлінді. әр қайсы топтың өз жұмыс бөлістері бар. және Жарма ауданының әкімшілігіде үлкен көмектер жасап жатыр.Аста тариқи қойылымдар болады, қазақ күресі, ақындар айтысы, ат бәйгесі және өзге де ғылыми-мәдени іс-шаралар өткізілмек. Аталған бәйгеге 10 темір тұлпар, ақшалай , заттай бәйге тігіп отырмыз. асқа байланысты дайындығымыз толықтай бітті. жақсы өтеді деген сенімдеміз.
ертеде ата-бабаларымыз бүкіл Алашқа сауын айтып ас бергенде, негізгі жұмыстарын өз руластары бітірген соң , Ас өтерде, басқару жұмыстарын өзге ру басыларына сеніп тапсырады, бұл астың береке бірлікте, жалпы ға ортақ той екенін, ас өткізу арқылы ұлттың татулығын, бірлігін бекемдейді екен .ас қазағымызды берекеге шақырады. бізде осы салтты аттамадық.
маусым айының 9 ын да Алматыда шағын жиналыс өткізіп ата салты бойынша асты басқаратын адамдарды белгіледік, асты басқарушы негізгі азаматтар : ғалым, қытайтанушы, тарих ғылым докторы Нәбижан Мұқаметханұлы, кәсіпкерлер Асқар жәкулин, Базарәлі, Омарәлі, Қару, Ертай және аттары аталмай қалған руы арғын, найман, уақ, Албан азаматтарға сеніп тапсырдық.
Жұмабай Мәдібайұлы: жыл бойы атқарылған мерей тойлық шараларды қорытындылау қашан болады?
Ділдахан Дәлелұлы: атқарылған жұмыс есебі жыл соңында болады. өткізілген мерей тойлық шаралар және асты ұйымдастыруда белсенділік танытқан азаматтардың істерін жинақтаған <<ЕрЖәнібек-300жыл>> атты шежірелік албом шығарамыз, онда азаматтардың аттары аталып көрсеткен ақшалай , заттай, және басқада тигізген көмектері жазылады.
Жұмабай Мәдібайұлы: уақытыңызды бөліп арнайы kerey.kz үшін сұхбат бергеніңізге рахмет, астың сәтті өтуіне тілектеспіз,Батыр бабамыздың асында жолығайық аға!
Ділдахан Дәлелұлы: сіздергеде шығармашылық табыс тілей отырып, барлық ағайынды Жарма ауданы, Қалбатау кенті, Ортабұлақ та болатын Асқа шақырамын.
Сұхбаттасқан: Жұмабай Мәдібайұлы
kerey.kz






