Автор: admin

Әншілер Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның жанұясында егіз ұл дүниеге келді. Бұл туралы МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды деп хабарлайдыBnews.kz. “Тоқаш досым,3 ұлдың әкесi атанғаның құтты болсын! Ұлдарың өзiңнен өте тусын. Алла тағала Бейбiт екеуiңе баянды ғұмыр бергей”, – деп жазыпты Майғазиев. Бұған дейін жұлдызды жанұя Instagram әлеуметтік желісіндегі toktar_beibyt парақшасында Бейбіт Сейдуалиева жүктіліктің сегізінші айында екенін жариялаған еді. Естеріңізге саламыз, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева 2007 жылы шаңырақ көтеріп, қазір 7 жасар Беколжас есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр. Биыл бірінші сыныпты тәмамдайтын Беколжас әке-шешесінің көз қуанышы.

Read More

«Жаңаарқаға барсам, осында баруым керек» деп түртіп қойған жоспарымда екі нәрсе бар болатын. Бірі – сүйікті әншім Қорабай Есеновпен сұхбаттасу. Екіншісі – ұлт құндылықтарының жоқтаушысы Ақселеу Сейдімбектің бейітіне барып, құран бағыштау. Алланың қалауы шығар, осы екі мақсатым да орындала кеткені… Жаңарқаға келе салысымен Ақселеу биігіне баруға асықтық. Иә, Жаңаарқаның Жезқазғанға қарай шыға берісінде төбе бар. Жергілікті жұрт бұл төбені бұрын Бәйге төбе деп атапты. Бұл жерде ат бәйгесі өтеді екен. Кейін Ақаңның құрметіне «Ақселеу биігі» деп атап кеткен. Сол төбеге жетуге асығып барамыз… Айнала кең жазық. Сар дала. Атасу кентінен үш шақырымдай озғанда оң жақтан…

Read More

  Беларусь президенті Александр Лукашенко екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияны жеңгенге 70 жыл толуына байланысты мамырдың 9-ында Мәскеуде өтетін парадқа бармайды. Александр Лукашенко Ол сол күні Минскіде мерекелік парадқа қатысады. Бұл туралы сәуірдің 18-і күні журналистерге Лукашенконың өзі мәлімдеген. Өз айтуынша, ол “бұл жеңісті бағалайтын орыс халқы және өзгелермен бірге ынтымақтастық таныту” үшін Ресей астанасына 7-8 мамырда болуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге Лукашенко Мәскеудегі мерекеге қатысудан “амбицияларына бола бас тартқан” саясаткерлерді қолдамайтынын айтқан. “Ондай шаралар өз мемлекеттерінде өтетіні себепті бара алмаудың жөні бір басқа, бірақ бұны Ресейге қарсы шығу мақсатымен ғана жасау дұрыс емес” деген ол. Мамырдың 9-ы күні Мәскеуде…

Read More