Автор: admin

Өткендегі Боғда баурайында, Дабаншың районында орын алған бассыздықтан кейін іле-шала Алтайдағы қазақтар да өздері мекен еткен жерінен айырылып, адамдары соққыға жығылып, малдары тоналып, қаптаған қытайдың қысымына жолығуда. Алтай қаласы маңындағы Балбағай ауылдығына қарасты Сарқарын қыстағына жаңа құрлыс (бейқұт үй) тұрғызбақшы болған малшылардың жерлері мен жайылымдпарын ауыл шаруашылық 13-ші отраиядының бастығы бір топ қытайды бастап келіп зорлықты күш жасап тартып алған. Қытай бастық қол астындағы өзі ертіп келген қытай келімсектерге: «Ештеңеден аянбаңдар, қазақтар қарсы келсе өлтіре сойылға жығыңдар, сендер жаралансаңдар билік қаражат бөліп емдетеді» – деп құлақтарын көтеріп, өңшең жабайы иттерін айтақтаған. Сонымен қоймай бауырларымыздың алдында,…

Read More

Jolimbet Makishev Орыс тарихына көз жіберсең онда өзге ұлттарға қарсы қанды қасаптың өте көп жасалғанын көресің. Бірақ орыс саясаткерлері үнемі Ресей империясының құрамына өзге ұлттар «өз еркімен» қосылды деуден танбай келеді. Әйтеуір ақтаңдақтарды ашып айтуға құлықсыз. 400 жыл бойы үстемдік еткен кезеңде Ресей империясы әсіресе түркі халықтарына қатты шүйлікті. Мұндай геноцидті орысқа тәуелді болған тұста Қазақ халқы да талай рет бастан өткергені белгілі. Мәселен, Голощекиннің қолдан жасалған аштығы кезінде олар халқымыздың қырық пайыздан астамын жер бетінен жойып жіберді. Кейін Қазақ ССР-інің аумағын атом бомбасын сынайтын алаңға айналдырды. Осы полигондардың кесірінен қаншама қаракөздеріміз өмірден ерте кетіп, қанша адам мүгедек болып туды.…

Read More

Таласбек ӘСЕМҰЛОВ. Бұл адамның атын алғаш рет бала кезімде естідім. 1965 жылы күзде консерваторияның фольклорлық экспедициясы біздің ауылға келген еді. Жанына бірнеше студент қызды ерткен мұғалімнің аты-жөні Серікбаева Асқан екен. Менің нағашы атам әйгілі күйші Жүнісбай Стамбаевтан бір кеште он бір күй жазып алды. Дастархан басындағы ұзақ отырыс кезінде Асқан апай, – Осыдан бірнеше жыл бұрын Созақтағы Сүгір күйші қайтыс болды. Сіздің оң қолыңыз, қара шертісіңіз сол Сүкеңнің шертісін елестетеді екен, – деген еді. Бірақ менің атам ондай күйшіні білмейтін болып шықты. – Шалқазақ, Сары Нияз төре, Байжігіт пен Қызыл Мойын Қуандық, Тәттімбет, кешегі Әбді, Итаяқ, Бекжан мен Мүсіпәрхан, мен…

Read More