Автор: admin

Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына орай аудио-видео альбом жарық көрген болатын. Сол жұмыстың бір парасы — Ер Жәнібек Бердәулетұлы туралы деректі фильм. “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қоры және дискті шығарушылардың рұқсатымен осы деректі фильмді жариялап отырмыз. https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=CDBD_ItcLww https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=CDBD_ItcLww#t=18

Read More

Оралмандарға азаматтық берудегі тосқауылдар неге тоқтатылмайды Кәрім Мәсімов мырзаға! (ашық хат) Қазақ елі, тәуелсіздік алған сонау 1990 жылдардан бастап, әлемнің 40-қа тарта елінде тұрып жатқан 5 млн.нан астам өз қандастарын ата жұртына шақырта бастады, сөйтіп елдің абыройы асқақтады. Сырта жүрген қандастарымыздың елге оралуына үлкен демеу болды. Тәуелсіздік алған 23 жылда, қазақ еліне 1 млн.дай қандасымыз оралды, олар қазір қазақ елінің толық қанды азаматы ретінде түрлі салада өз үлестерін қосып жатыр. Қазіргі, 21 ғасыр жаһандану заманында ұлт болып ұйысудың қажеті туып-ақ тұр, бұған мысал: көршіміз Ресей мен Украинаның ортасындағы халықаралық шиеленісті жағдай.Ал, жер шары картасында 9 орын иелейтін ұлан-байтақ территориямызды қорғап…

Read More

Оралман мәртебесі бар азаматтар құжаттарын тапсырса 3 айда Қазақстан азаматтығына қол жеткізе алады. Бұл Алматыда өткен «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» деген тақырыптағы дөңгелек үстел жиынында айтылды. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайты хабарлап отыр.   «Былтыр Алматы қаласында 387 адам Қазақстан азаматтығын алды. Бұл Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Қытайдан, Түркиядан, Түрікменстан және Ауғанстаннан келген ағайындар. Биыл 4 айда Алматы қаласында азаматтыққа 62 адам қабылданды. Былтыр ықтияр хатты 614 адам алса, биыл 4 айда 417 адам алды. Оның 340-ы ТМД-дан, қалғаны алыс шет елдерден», — дейді Алматы қаласының Көші-қон полициясы басқарма бастығының орынбасары Айдын Белгібаев. Оның айтуынша, құжаттарды толық тапсырса оралман мәртебесі…

Read More